Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Электр желісінің 80 пайызы тозған": БҚО әкімі президенттен сөз естіді

Опубликовано:

Ғали Есқалиев
Фото: ult.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Батыс Қазақстан облысының әкіміне өңірдегі өзекті проблемаларды шешуді тапсырды.

"Облыстағы электр желілерінің 80 пайызы тозған. Апаттар жиі болып, электр қуаты қайта-қайта үзіле береді. Мысалы, 2020 жылы электр қуаты 182 рет үзілген. Бұл мәселені шешу үшін қандай шаралар қабылданып жатыр?", - деп сұрады Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында. 

БҚО әкімі Ғали Есқалиев өңірде электр желілерінің ұзақтығы 20 мың шақырымнан асатынын және тозуы 80%-ды құрайтынын атап өтті.

"Соның салдарынан елді мекендерде, әсіресе, ауылдарда энергиямен қамту тұрақсыз. Екі ауданымыз электр қуатын Ресейден сатып алып отыр. Яғни, электр желісін қалпына келтіру және екі ауданға жаңа электр желісін тарту өзекті мәселе. Осы сұрақты шешу үшін тиісті шаралар қолданып жатырмыз", - деп келтіреді Есқалиевтің сөзін Sputnik Қазақстан.

Айтуынша, үкіметтің қолдауымен аймақтық энергия тарату компаниясының акциялары коммуналдық меншікке ауысуда. Үкіметпен келісіп, электр желіні қалпына келтіру үшін "Нұрлы жер" бағдарламасына тиісті өзгерістер енгізілуі мүмкін. 

Президент жергілікті жолдардың мәселесін де көтерді. Айтуынша, олардың үштен екісі өте нашар жағдайда, бұл тұрғындардың наразылығын тудырады. 

"Түрлі себептерге байланысты бұрыннан шешілмей келе жатқан проблемалар. Қазір үкімет облыстағы мәселелерге назар аударуы керек деп ойлаймын. Облыстың стратегиялық маңызы бар, Ресеймен шектеседі. Проблемалар шешімін табуы тиіс", - деді Тоқаев Есқалиевке. 

Облыс әкімі тиісті шаралар қабылданып жатқанын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1895707-elektr-zelisini-80-pajyzy-tozgan-bko-kimi-prezidentten-sz-estidi/

pixel