Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматылықтар барлық әлеуметтік қызметтерді "бір терезе" қағидаты бойынша ала алады (видео)

Опубликовано:

Сағынтаев1
Фото: Алматы әкімдігі

Алматылықтар барлық әлеуметтік қызметтерді "бір терезе" қағидаты бойынша ала алады. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің Instagram парақшасында хабардар етті.

Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары барысында Достық даңғылының бойында орналасқан ғимаратты жөндеу жұмыстарымен танысты, мұнда Әлеуметтік қызметтер үйі ашылатын болады.

Қала әкімі өзінің Instagram-дағы парақшасында қалалықтардың "бір терезе" қағидаты бойынша 42 мемлекеттік және 7 мемлекеттік емес қызмет түрін ала алатындығын жазды.

бір терезе1
Фото: Алматы әкімдігі

Тұрғындар Әлеуметтік қызметтер үйінің бірінші қабатында әлеуметтік қамсыздандыру, тұрғын үй саясаты басқармасы, Халықты жұмыспен қамту орталығы, Азаматтарға арналған мемлекеттік корпорация, көші-қон полициясы, БЖЗҚ, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры мен медициналық-әлеуметтік сараптама мамандарының қызметіне жүгіне алады.

Жоғарғы қабаттарда бейінді басқармалар орналасады.

"Өзімізде өндірілген сапасы жоғары әрлеу материалы мен интерьер заттарын пайдалану қажеттігіне мән бердім. Осылайша Алматыда тұрғындардың әлеуметтік қызметтердің барлық спектріне қол жеткізе алатын жайлы бірыңғай орталық құрылад", - деп жазды Бақтыжан Сағынтаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1895861-almatylyktar-barlyk-leumettik-kyzmetterdi-bir-tereze-kagidaty-bojynsa-ala-alady-video/

pixel