Таразда ойын мекемесі жасырын жұмыс істеген
Жарияланған күні:
Таразда лицензиясыз жұмыс істеген жерасты ойын мекемесі анықталды. Мекеме иесіне үкім шығарылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қазақстан Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жамбыл облысы экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жасырын сатып алу бойынша бақылау жүргізіп, қазақстандықтың ойын бизнесін заңсыз ұйымдастырғанын анықтады.
Мекеменің өзінен қызметкерлер 4 ойын автоматын, 31 компьютер, сондай-ақ ақша тапқан. Бұның бәрі тергеу аясында алынды.
Мекеме иесіне Қылмыстық кодекстің "Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру" бабы бойынша айыптау үкімі шығарылды. Қазақстандыққа қандай жаза тағайындалғаны хабарланбайды.
Еске сала кетсек, осыған дейін Алматы тұрғыны заңсыз, жасырын түрде құмар ойын ұйымдастырғаны үшін 4 жылға бас бостандығынан айырылған еді.
Бұл туралы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады..
"ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті Алматы қаласында астыртын ойынхананың қызметін ұйымдастырушыға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Тергеу барысында Алматы қаласының тұрғыны заңсыз ойын бизнесін (электронды ойынхана) ашып, оның қызметін ұйымдастыру арқылы 31,1 млн. теңге көлемінде заңсыз табыс тапқандығы дәлелденді.
ҚР "Ойын бизнесі туралы" заңының 6-бабы 2-бөлігіне сәйкес, Қазақстан территориясында электронды және интернет ойынхананың қызметі рұқсат етілмейді. Алайда, Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жүргізген тексеру барысында, аталған азамат 4 ойын термналын және 52 компьютерлік техниканы орнату арқылы, ұтыс беретін құмар ойындарын, яғни электронды ойынхананың қызметін ұйымдастырып келген" ,- делінген хабарламада.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1895926-tarazda-ojyn-mekemesi-zasyryn-zmys-istegen/