Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жандарбек Бекшин коронавирусқа қарсы вакцина салдыра ма

Опубликовано:

Жандарбек Бекшин
Фото: Хабар 24

Алматы бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мен қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысы Нариман Табынбаев Өңірлік коммуникация қызметі алаңында өткен онлайн-брифингіде коронавирусқа қарсы вакцинаны салдыруға әзір екенін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Бірінші топқа жатпаймын. Мен тамызда коронавируспен ауырып шықтым. Сондықтан, ерікті түрде қазақстандық вакцинаны зерттеудің үшінші фазасына қатысқым келгенде анализ бойынша антиденелерім көп болды. Маған екпе салған жоқ. Ал егер келесі анализ тапсырғанда антиденелерім азайса, екпе салдырып, бірінші және екінші кезеңдегілердің қатарына қосыламын", - деді Табынбаев.

Ол қазір бар екпе- ресейлік "Спутник-V" вакцинасын салатынын атап өтті.

Бекшин де маусымның соңында коронавируспен ауырып шыққанын, алайда вакцина салдыруға жеткілікті уақыт өткенін хабарлады.

"Антиденелерім азайса, вакцина салдырамын. Бірақ, бірінші отандық вакцинаны салдырамын. Қазақстан обаға қарсы вакцинаны есептемегенде, ешқандай вакцина дайындамаған. Бұл - бірінші отандық вакцина",- деді ол.

Айта кетейік, Алматы бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин жаңа шектеу шараларына байланысты құжаттарды дайындап жатыр.

"Шектеу шараларына байланысты жұмыстар аяқталуға жақын. Ертең жаңадан енгізілетін шектеу шаралары жайлы хабарланады",- деді Бекшин.

Дегенмен, санитар дәрігер Алматы "қызыл" аймақта қалмайды деп үміттенеді.

"Қазір "қызыл" мен "сары" аймақтың шекарасында тұрмыз. Ауру жұқтыру қарқыны бәсеңдеп келеді, сондықтан бұл аймақта көп болмаймыз деп ойлаймын. Өте мұқият қараймыз. Қала да "сары" аймаққа оралар",- деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1895981-zandarbek-beksin-koronaviruska-karsy-vakcina-saldyra-ma/

pixel