Аллергия, жүктілік, диабет: Коронавирусқа қарсы вакцина кімдерге кері әсер әтеді
Жарияланған күні:
Қазақстан денсаулық сақтау вице-министрі Орталық коммуникация қызметінде өткен онлайн брифингіде коронавирусқа қарсы вакцина кері әсерін тигізетін жағдайлар мен ауруларды атады. Оның арасында жүктілік, аллергия, бауыр мен өкпе аурулары бар деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Вице-министр Марат Шорановтың ақпарынша, коронавирусқа қарсы вакцина аллергиясы барларға, жүктілер мен бала емізетін әйелдерге, 18 жасқа дейінгілер мен 65 жастан асқандарға кері әсерін тигізеді.
Денсаулық сақтау басқармасы адамдардың басқа санаты туралы да зерттеуді жөн көріп отыр. Кері әсер саны артуы мүмкін.
Сондай-ақ, Шоранов аса қатты кері әсер бере қоймайтын ауруларды атады. Дегенмен, ол санаттағы адамдар вакцинаны өте сақтықпен қабылдауы керек екенін жеткізді.
"Бауырдың, бүйректің созылмалы аурулары, эндокриндік жүйенің бұзылуы, мысалы, қант диабеті, гемопоэз жүйесінің ауыр аурулары, эпилепсия, инсульт және басқа да орталық жүйке аурулары кезінде сақтықпен қабылдау керек",- деді ол.
Айта кетейік, мәжіліс депутаты Дархан Мыңбай коронавирусқа қарсы вакцина алуға дайын екенін мәлімдеді. Алайда, әзірге ресейлік "Спутник V" немесе қазақстандық QazCovid-IN вакциналарының қайсысын егетінін шешпеген.
"Әзірге шешім қабылдаған жоқпын. Бірақ, қалай болғанда да, егер халыққа салынса, мен де шет қалмаймын. Себебі бұл жаппай вакцинация ғой. Әрине, қарсы шығып жатқандар да бар. Бірақ біз бәрін түсіндіруіміз керек. Адамдар түсінеді деп ойлаймын. Қауіп жоқ емес, алайда вакцина болмаса, оның орнына басқа нәрсе қажет. Сол себепті бұл бағытта тиісті жұмыс жүріп жатыр", – деді халық қалаулысы.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1895997-allergia-zktilik-diabet-koronaviruska-karsy-vakcina-kimderge-keri-ser-tedi/