Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Вакцина арқылы чип салына ма: Министрлік өз ұстанымын жариялады

Жарияланған күні:

көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Денсаулық сақтау вице-министрі орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте Қазақстанда коронавирус вакцинациясы науқанының қалай жүргізілетінін айтты. Оның сөзінше, халықты жаппай вакцинациялау 2021 жылы 1 ақпанда басталады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Марат Шоранов тұрғындардан вакцинацияға қатысты көптеген сұрақтардың түсетінін жасырмады.

"Чиптеу" туралы сұрақтардың қойылатынын алдын ала біле отырып, бұл осындай фейкті жариялайтын вакцинацияға қарсылардың негізсіз мәлімдемесі екенін айта кеткім келеді.

Сіздерді жалған сарапшылар мен арандатушылардан аулақ болуға, маркетингтің құрбаны болмауға, тек ресми көздерден алынған ақпаратқа сенуге және медицина қызметкерлерінің ұсынымдарын орындауға шақырамын.

Пандемия жарияланғалы бері бір жыл өтті, бұл кезең бізге көп нәрсе үйретті, адамзатқа өзінің басымдықтары мен құндылықтарын қайта қарауына мәжбүр етті.

Бүгінгі күні бүкіл әлем вакцинация жүргізу бәрімізге үйренішті өмірге карантинсіз оралуға, экономиканы тұрақтандыруға, балаларды балабақшалар мен мектептерге, студенттердің дәріс залдарына оралуына және жалпы отбасымызбен, әріптестерімізбен, достарымызбен қауіпсіз қарым-қатынасқа оралуға мүмкіндік беретінін түсініп отыр", - деді денсаулық сақтау министрінің орынбасары.

Бұдан бөлек, Шоранов коронавирусқа қарсы вакцинаға қатысты жалған ақпарат тарататындарға ескерту жасады.

"Қазіргі кезде вакцинацияның алдында осы екпенің кері әсері туралы фейк ақпарат таратылып жатыр. Осыған байланысты жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жазаның бар екенін еске салғым келеді. Оған сәйкес, 3 000 айлық есептік көрсеткіш (8 751 000 теңге) көлемінде айыппұлдан бастап үш жылға бас бостандығынынан айыруға дейінгі жаза қарастырылған", - деді вице-министр..

Жаппай вакцинация

Қазақстанда биыл 1 ақпанда жаппай вакцинациялау басталады. Инфекцияны жұқтыру және тарату қаупі жоғары халықтың осал топтарына кезең-кезеңмен ресейлік "Спутник V" вакцинасы егіледі. Вакцинациялау ерікті түрде және тегін салынады.

Вакцина бірінші кезеңде:

Инфекциялық ауруханалар, жедел жәрдем, реанимация бөлімшелері, науқастарды қабылдау бөлмесі, алғашқы медициналық-санитарлық көмек қызметінің медицина қызметкерлері, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет жұмысшылары – 2021 жылдың 1 ақпанынан бастап шамамен 100 мың адам;

екінші кезеңде:

жалпы білім беретін мектептер, жоғары оқу орындарының педагогтері, медициналық қызметтің жұмысшылары – 2021 жылдың наурызынан 150 мыңға жуық адам;

үшінші кезеңде:

мектеп-интернаттар, мектепке дейінгі мекемелердің педагогтері, созылмалы аурумен ауыратындар – сәуір айынан бастап 600 мың адам.

Айта кететін жәйт, "Спутник V" 18 жасқа дейінгі балаларға салынбайды. Яғни, екпе Қазақстанның кәмелет жасына толған азаматтарына ғана салынады.

Денсаулық сақтау министрлігі жыл соңына дейін 6 миллион қазақстандыққа вакцина салуды жоспарлап отыр.

Ал 2021 жылдың наурыз айында COVID-19-ға қарсы қазақстандық вакцинамен жаппай егу басталады.

Қазір QazCovid-in вакцинасын клиникалық сынақтан өткізудің соңғы ІІІ сатысы өтіп жатыр. Оның аясында вакцина 3 мың еріктіге егілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1895999-vakcina-arkyly-cip-salyna-ma-ministrlik-z-stanymyn-zarialady/