Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте жезөкшенің ақысын доллармен төлемек болған жігіт сот алдында жауап берді

Опубликовано:

Жезөкше
Көрнекі фото: Fotolia / Photographee.eu

Шымкенттегі Әл-Фараби аудандық сотында ҚР ҚК 231 бабының 1 бөлімі (Жалған ақша жасау, сақтау, пайдалану немесе сату) бойынша қылмыстық іс қаралды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Айыпталушы орындығына Шымкенттің 20 жастағы тұрғыны отырған. Іс материалдарына сүйенсек, жас жігіт дүкендердің бірінде жалған 100 долларлық купюрамен есеп айырысқан.

Тергеу барысында жас жігіт көшеден 100 АҚШ долларының екі купюрасы түрінде жоғары сапалы көшірмелерін тапқанын айтқан.

Мұның жалған ақша екенін түсінген ол купюраны жеңіл жүрісті қыздарға жұмсамақ болыпты. Ол жолдасымен бірге жезөкшелер ордасына барып, қыздармен келісе бастаған.

Алайда қыздар аса сақ болып шыққан. Студент клиенттерінің доллармен төлейтінін білген жезөкшелер оларды ақшаны айырбастауға жіберген.

Ер адам тәулік бойы жұмыс істейтін дүкендердің біріне кіріп, 2 200 теңгеге зат сатып алған. Сатушы айырбас бағамын бір долларға 350 теңгеден есептеп, америкалық валютаны қабылдаған. Одан бөлек, сатушы жігітке қалған 32 800 теңгесін қайтарып берген.

Жігіт кеткен кезде ғана дүкенші шетелдік валютаның жалған екенін түсінген. Ол дереу полицияға хабар беріп, тәртіп сақшылары күдіктіні тез арада анықтаған.

Айыпталушы сот барысында екінші жалған купюраны өртеп жібергенін айтқан.

Сот жас жігітті бір жылға шартты түрде бас бостандығынан айырып, жәбірленушілер қорына шамамен 40 мың теңге төлеуге міндеттеген.

Дүкен сатушысы да қолма-қол есеп айырысу ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1896029-symkentte-zezkseni-akysyn-dollarmen-tlemek-bolgan-zigit-sot-aldynda-zauap-berdi/