Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Covid-19 вакцинасына бюджеттен қанша қаржы бөлінді

Опубликовано:

Вакцина
Фото: US Secretary of Defense

Covid-19-ға қарсы салынатын вакцина барлық қазақстандыққа тегін болады. Оған бюджеттен 50 миллард бөлінген. Қазақстанда жаппай вакцинациялау ақпан айынан басталады деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Телеарна мәліметінше, келесі айда ресейлік вакцинаның 90 мың, наурызда 150 мың дозасы әкелінеді.

Одан кейін ресейлік екпе Қарағандыда өндірілмек.

Жалпы "Спутник V" вакцинасына бюджеттен 16 миллиард теңге бөлінген.

Ал 10 миллион қазақстандықты екпемен қамтуға қазынадан 50 миллард теңге қарастырылыпты.

Бірінші кезеңде санитар дәрігерлер мен инфекциялық аурухана, жедел медициналық жәрдем сияқты медицианлық мекеме қызметкерлері егіледі.

Барлық вакцина қабылдаған азаматтарға электронды паспорт рәсімделмек.

Наурыздың соңына қарай тіркеліп, өндірісі басталуы тиіс QazCovid-In вакцинасын қазақстандық шенеуніктердің басым көшілігі күтіп жүр. Телеарна тілшісі олардың арасында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой да бар екенін атап өтті.

Ал денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов тұрғындардың негізгі бөлігін вакциналау сәуірде басталатынын сөз етті.

Оның сөзінше, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында екпе тегін болады

Бұл кезеңде бүкіл елде вакциналау мемлекет қаражатына жасалады деп жоспарланып отыр.

Тиісті қаражат мемлекет резервінен алынады, бұл шығын есептелді, яғни вакцина халыққа тегін болады, деп түсіндірді ол.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1896042-covid-19-vakcinasyna-budzetten-kansa-karzy-blindi/

pixel