Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СҚО-да алаяққа сеніп қалған тұрғын бар ақшасынан айырылды

Опубликовано:

Банк карталары
Көрнекі фото: Polisia.kz

Солтүстік Қазақстан тұрғыны интернет-алаяқтардың нұсқауымен жоспардан тыс несие ресімдеп, бірден бар қаражатынан айырылған деп хабарлайды ІІМ ресми сайты Polisia.kz.

Интернет-алаяқтардың әрекеттері нәтижесінде СҚО тұрғыны жоспардан тыс несие ресімдеп, бірден бар қаражатынан айырылған. Алаяқтар екі жүз мың теңгені қолға түсіру үшін әйелмен төрт сағат бойы әңгімелескен.

Жәбірленушіге белгісіз біреу хабарласып, өзін банк қызметкері деп таныстырған және “тізілімде ақшалай қаражатты аударуға әрекеттену тіркелді” деген. Қоңырау шалған адам жәбірленушінің барлық жеке мәліметтерінен хабардар болған, әңгімені сауатты жүргізген: аты-жөнін атап, сыпайы сөйлескен, банк терминдерін қолдана отырып, сенімді сөйлеген. “Маманның” айтуына қарағанда, жәбірленуші алаяқтар ресімдей бастаған несиені соңына дейін ресімдеуі тиіс. Нәтижесінде сома жойылып, ақша картада қалады екен. Әйел барлық нұсқауларды орындап, 200 мың теңгеге несие ресімдеген, ақшаны шотқа аударған. Кейін әйел алаяқтардың құрбанына айналғанын түсініп, полицияға жүгінген.

Қазіргі уақытта криминалдық полиция қызметкерлері аталған факт бойынша қасқөйлердің жүрген жерін анықтау мақсатында жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізуде. Жыл басынан 20-дан астам петропавлдық интернет-алаяқтардың құрығына түскен. Онлайн-алаяқтықтың жеті фактісі банк аударымдарымен байланысты болған. Өткен жылы облыс орталығында алаяқтар 97 жағдайда қала тұрғындарының шоттарынан ақша жымқырған.

Полицейлер егде жастағы таныстарымен, туыстарымен және көршілерімен жеке мәліметтерді телефон, әлеуметтік желілер арқылы ешкімге жіберуге болмайтыны туралы түсіндіру жұмысын жүргізуге шақырады. Бірер күн бұрын Полиция басқармасы мен банк қызметкерлерінің қатысуымен өткен кездесуде менеджерлер күдікті аударымдар орын алған кезде клиенттерге қоңырау шалынбайтыны туралы ескертті және бұндай жағдайда Call-орталықтың нөміріне хабарласып, банк кеңселеріне баруға шақырады.

"Қала және облыс тұрғындарын жеке мәліметтерді, банк карталары, құжаттардың фотоларын, сондай-ақ интернет-банкинг және әлеуметтік желілердің логин мен құпиясөздерін ешкімге жібермеуге шақырамыз. Интернет-алаяқтардың қолына түскен кез-келген жеке мәлімет бірнеше жылдан кейін де пайдаланыла беруі мүмкін. Алаяқтардың құрбанына айналған жағдайда, шұғыл полицияға жүгіну қажет" , – деп атап өтті СҚО Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы Петр Климов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1896076-sko-da-alaakka-senip-kalgan-trgyn-bar-aksasynan-ajyryldy/

pixel