Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда сауда орталықтары демалыс күндері жұмыс істемейтін болды

Опубликовано:

Сауда орталығы
Көрнекі фото: NUR.KZ

Алматы қаласында сауда орталықтарының жұмысына тыйым салынды. Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысында айтылған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Сауда-ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің және сауда желілерінің жұмысына жұмыс күндері сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін шектеулер қойылып, сенбі мен жексенбі күндері жұмысына тыйым салынды", – делінген хабарламада.

Қаулы 1 ақпанда күшіне енеді.

Еске салсақ, Алматы бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин жаңа шектеу шараларына байланысты құжаттарды дайындап жатқаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Дегенмен, санитар дәрігер Алматы "қызыл" аймақта қалмайды деп үміттенеді.

Айтуынша, Алматыда COVID-19 эпидемиясы басталғаннан бастап наурыз – сәуір айларында алғашқы толқын басталды (82 және 969 жағдай), шілде айында 6 мыңнан астам жағдай тіркеліп толқынның шыңына жетті, қыркүйек айында 165 жағдайға дейін төмендеді. Қазан айынан бастап (366 жағдай) аурудың өсуі басталды (екінші толқын), қазіргі уақытта сол жалғасуда.

Бекшин 31 желтоқсаннан бастап коронавирус жұқтырғандардың саны күрт өсіп жатқанын жасырмады.

Бас санитардың сөзінше, Алматы қаласындағы КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай соңғы 4 күнде күрт нашарлады, күніне 125-132 жағдай тіркеліп жатыр.

КВИ жағдайларын эпидемиологиялық тексеру барысында қоғамдық орындарда науқастардың 40%-ы, қоғамдық көлікте науқастардың 20%-ы, сондай-ақ ауырғандардың отбасылардың 28%-ы жұқтырғаны анықталды, дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1896103-almatyda-sauda-ortalyktaryny-zmysyna-sekteu-kojyldy/

pixel