Коронавирус: Еліміздің бір қаласында демалыс күндері локдаун енгізіледі
Жарияланған күні:
Талдықорған қаласының бас санитар дәрігері карантин шектеулерін күшейту туралы жаңа қаулыға қол қойды деп хабарлайды zakon.kz.
Құжатта меншік түріне қарамастан кеңсе ұйымдарының кем дегенде 80 пайыз қызметкерлерін қашықтықтан жұмысқа ауыстыру көрсетілген. Жиналыстар, сессиялар және тағы басқа отырыстар бетпе-бет форматында өте береді.
- Қалада мәдениет объектілерінің, оның ішінде мұражайлар мен кинотеатрлардың жұмысы тоқтатылады.
- Қоғамдық тамақтандыру орындары толымдылық деңгейі 50 пайыздан және 30 орыннан аспауы тиіс. Жұмыс уақыты 7.00-ден 22.00-ге дейін.
- Демалыс күндері тек алдын ала тапсырыс алу арқылы үйіне жеткізуге сағат 7.00-ден 00.00-ге дейін рұқсат берілген.
- Сұлулық салоны, шаштараз жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, демалыс күндері - 9.00-ден 15.00-ге дейін жұмыс істей алады.
- Қоғамдық көліктердің жұмыс кестесі жұмыс күндері сағат 23.00-ге дейін ұзартылды. Демалыс күндері автобустар сағат 6.00-ден 10.00-ге дейін және 17.00-ден 22.00-ге дейін жүреді.
- Демалыс күндері монша, сауна, спа-орталық, спортзал, фитнес-орталық, бассейн жұмыстарына тыйым салынады.
- Сауда орталығы мен сауда орындары жұмыс күндері сағат 9.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істей алады. Ал демалыс күндері олардың жұмыс істеуіне тыйым салынады.
- Құрылыс дүкендері де демалыс күндері жұмыс істей алмайды. Азық-түлік және азық-түлік емес базарлар да жұмыс істемейді.
- Демалыс күндері қысқы туризм мен ашық демалыс орындарының да жұмыс істеуіне тыйым салынады.
Талдықорға қаласы бас санитар дәрігерінің қаулысы 29 қаңтардан бастап өз күшіне енеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1896118-koronavirus-elimizdi-bir-kalasynda-demalys-knderi-lokdaun-engiziledi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.