Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ғалымдар тершеңдік өлімге әкеп соғуы мүмкін екенін ескертті

Опубликовано:

Ауыру
Көрнекі фото: Sputnik Қазақстан/ Владислав Воднев

Ешқандай себепсіз терлеу жүрек талмасының белгісі болуы мүмкін. Бұл туралы Express басылымы Британиялық жүрек қорының мәліметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Сарапшылар жаттығу кезінде немесе күннің ыстығында организмнен ылғалдың көп бөлінуі қалыпты құбылыс екенін атап өтті деп жазады Sputnik Қазақстан.

Алайда адамның кеуде тұсы кенеттен ауырып, тер шықса, тез арада дәрігерге қаралу қажет.

"Егер адамның басы айналып, ентіксе немесе кеуде тұсында ауырсыну сезілсе, бұл инфаркт алдындағы жағдайдан хабар береді", - деді ғалымдар.

Сарапшылардың айтуынша, бұған қан тамырларының бітеліп қалуы себеп болуы мүмкін. Бұл кезде жүрекке қосымша салмақ түседі.

Қазақстан денсаулық сақтау вице-министрі Орталық коммуникация қызметінде өткен онлайн брифингіде коронавирусқа қарсы вакцина кері әсерін тигізетін жағдайлар мен ауруларды атады. Оның арасында жүктілік, аллергия, бауыр мен өкпе аурулары бар.

Вице-министр Марат Шорановтың ақпарынша, коронавирусқа қарсы вакцина аллергиясы барларға, жүктілер мен бала емізетін әйелдерге, 18 жасқа дейінгілер мен 65 жастан асқандарға кері әсерін тигізеді. Денсаулық сақтау басқармасы адамдардың басқа санаты туралы да зерттеуді жөн көріп отыр. Кері әсер саны артуы мүмкін.

Сондай-ақ, Шоранов аса қатты кері әсер бере қоймайтын ауруларды атады. Дегенмен, ол санаттағы адамдар вакцинаны өте сақтықпен қабылдауы керек екенін жеткізді.

"Бауырдың, бүйректің созылмалы аурулары, эндокриндік жүйенің бұзылуы, мысалы, қант диабеті, гемопоэз жүйесінің ауыр аурулары, эпилепсия, инсульт және басқа да орталық жүйке аурулары кезінде сақтықпен қабылдау керек",- деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1896123-galymdar-tersedik-limge-kep-soguy-mmkin-ekenin-eskertti/

pixel