Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аягөзде учаскелік полицей 89 жастағы әжейді өлімнен арашалап қалды

Опубликовано:

Тәртіп сақшысы
Фото: ШҚО ПД баспасөз қызметі

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданында учаскелік полицей, аға лейтенант Айбек Бурмантаев 89 жастағы әжейді ажалдан арашалап қалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 2020 жылы желтоқсан айында сағат 20.30 шамасында Айбек Бурмантаев өзіне бекітілген аумақта профилактикалық шаралар жүргізіп жүрген.

Осы кезде полицей Шәкенов көшесінің біріндегі үйден қою қара түтін шығып жатқанын байқаған.

Еш ойланбастан үйге кірген тәртіп сақшысы бөлмелердің бірінде ұйықтап жатқан әжейді тез арада сыртқа шығарған.

Полицияның ақпаратына сүйенсек, 89 жастағы қария пештегі ақаудан бірнеше күн бойы от дұрыс жанбай келгенін айтыпты.

Зейнеткер өзін өлімнен арашалап қалған полиция қызметкеріне алғысын жаудырған.

Бұл жайттан кейін аға лейтенант Айбек Бурмантаев күн сайын қарт кісінің жағдайынан хабардар болып отыратын болған.

Еске сала кетсек, бұған дейін ақтөбелік полицей Дастан Сұлтанғазиевтің немерелерімен тұрудан бас тартып, далада қалған 80 жастағы әжейге қамқорлық танытқанын жазған едік.

Көпбалалы отбасы барар жері, басар тауы қалмаған қарияны алдағы уақытта да қамқорлығына алуға дайын.

"Ол келіні және немерелерімен бір шаңырақта тұра алмайтынын айтты. Үнемі жанжал болған. Денесінде ешқандай жарақат анықталмады. Тек қариямен емес, келіні және немересімен хабарласып, сөйлестік. Олар қариядан бас тартып, қарттар үйіне өткізуді сұрады", - дейді Дастан Сұлтанғазиев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1896161-aagzde-ucaskelik-policej-89-zastagy-zejdi-limnen-arasalap-kaldy/

pixel