Екібастұзда 14 жастағы қызды зорлаған блогер 15 жылға сотталды
Жарияланған күні:
Екібастұздағы саяжайлардың бірінде мас күйде 14 жастағы қызды зорлады деп айыпталған блогерге сот үкімі шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қылмыстық іс Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралған. Тергеп-тексеруге екі ай уақыт кеткен.
Сот барысында 40 жастағы ер адамның 2020 жылдың маусымында Екібастұздағы жеке саяжайлардың бірінде 14 жастағы оқушы қызға зорлық көрсеткені айтылды.
Кәмелет жасына толмаған баланы зорлау дерегі бойынша қылмыстық іс ашылған. Нәтижесінде сот айыпталушының кінәсі дәлелденді деген шешімге келген.
Судья қыздың, оның анасының, куәгерлердің түсініктемелері мен сараптама қорытындысына сүйенген.
Прокурор айыпталушыға 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасын беруді сұраған. Судья прокурордың ұсынсын ескеріп, айпыталушыны 15 жылға бас бостандығынан айырды. Енді блогер жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейтін болады.
Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ. Айта кету керек, ер адамның өзі айыбын мойындамай, ақтауды сұраған.
Еске сала кетсек, Павлодарда төрт жасөспірім қызды зорлаған ер адам өмір бойына сотталған болатын.
Сотта ер адамның 2016 жылдан бастап 2020 жылға дейін жасөспірім қызды зорлады деп айыпталғаны айтылған.
Одан бөлек тағы үш кәмелет жасына толмаған қыз айыпталушының құрбаны болған. Күдікті қолға түскеннен кейін оның гаражынан қару-жарақ, ал үйінен есірткі табылған.
Айыпталушы бірнеше бап бойынша әртүрлі жазаға кесілді. Бірақ қорыта келе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы берілген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1896184-ekibastzda-kmeletke-tolmagan-kyzdy-zorlagan-tanymal-bloger-15-zylga-sotaldy/