Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтар зейнетақы жинағынан мерзімінен бұрын алған ақшаны қайда жұмсамақ

Опубликовано:

ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

"Отбасы банкі" басқарма төрағасының орынбасары Нұрлан Ақшанов қазақстандықтар мерзімінен бұрын алынған зейнетақы жинақтарын неге жұмсауды жоспарлап отырғанын айтты. Азаматтардың көпшілігі бұл қаражаттың көмегімен тұрғын үй мәселесін шешуді қалайды. Бұл туралы Ақшанов өзінің Facebook парақшасында жазды.

Нұрлан Ақшановтың мәліметінше, зейнетақы төлемдерін алуға өтініш берген 24 мыңға жуық қазақстандық бұл ақшаға ипотекалық несиелерін толық немесе ішінара өтеуді жоспарлап отыр.

"Берілген өтінімдер саны бойынша бұл (ипотекалық несиені жабу ред.) көшбасында тұр және барлық өтінімдердің шамамен 50 пайызын құрайды", - деп жазады "Отбасы банкі"басшысының орынбасары.

Ақшановтың сөзінше, БЖЗҚ қаражатын жұмасау бойынша екінші орында тұрған өтінім тұрғын үйді несиеге алмай, толық сатып алу.

Сонымен қатар "Отбасы банкінің" ресми Instagram парақшасында зейнетақы төлемдерін пайдалана отырып, ипотекасыз үй алғысы келетін қазақстандықтар үшін ұсыныстар пайда болды.

Мәселен банк сатушыға кепілпұлды (алғашқы төлем/пәтер құнының бір бөлігі) бір жолғы зейнетақы төлемдері арнайы шотыңызға түскеннен кейін ғана беруге кеңес береді.

Сонмен қатар банк арнайы шотқа ақша түскеннен кейін ғана сатушымен мәміле шартына қол қоюды ұсынады.

"Баспананы "Ипотекасыз толық сатып алу" мақсатын таңдаған кезде "5 жыл иеліктен шығаруға шектеу" қолданылмайды, яғни болашақта сіз сатып алынған тұрғын үйді шектеусіз басқара аласыз. Біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану бойынша барлық шаралар қолма-қол ақшасыз жүзеге асырылады", - дейді "Отбасы банкі".

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1896185-kazakstandyktar-zejnetaky-zinagynan-merziminen-bryn-algan-aksany-kajda-zmsamak/

pixel