Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"30 млн ұтылдым": Байзақованың інісі құмар ойындарға салынып кеткенін мойындады

Опубликовано:

Айжан Байзақова бауырымен
Фото: Instagram/baizaakov

Отандық танымал блогер Айжан Байзақованың інісі қалың көпшілікке ашылып, өмірінде орын алған қиын кезең туралы бар шындықты айтты. Әлихан Байзақов құмар ойындарға салынып кетіп, қомақты қаржысынан айырылып қалғанын мойындады. Оның үстіне ол бір ай бойы бұл тәуелділіктен емдейтін арнайы ауруханаға жатып шыққан деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әлихан Байзақов көптен жасырып келген құпиясын Instagram парақшасында ашқан. Ол құмар ойын кесірінен басынан өткен жағдайды ақтарып, жастарға өзінің қателігін қайталамауға кеңес берді.

Желі жұлдызы оның өмірінде орын алған оқиға басқаларға сабақ болғанын қалайды.

"Мен тәуелділікке тап болдым. Бұл туралы айтуға да ұят. Бірақ, менің басымнан өткенді біліп, сіздер болашақта бұл қателікке жол бермейтін боласыздар дегенге келіп, жан сырымды ақтаруға бекіндім. Мен кішкентайымнан құмар ойындарға әуес болдым. Ұтыс тігіп, бинго ойнадым. Бәрі болмашы аз ақшадан бастау алды. 16 жасымда мен ұтылып, алғашқы 100-200 мың теңгемнен қағылдым.

Өзім саяхаттап барған елдердің барлығында казиноға міндетті түрде баратынмын. Испания, Чехия, Малайзия, Швейцария және өзіміздің Қапшағайда да болдым. Ашығын айтқанда, мен 20.000.00-30.000.00-ға жеңіп жатсам да, жеңіліп жатсам да үстелден тұрмайтынмын. Жалпы есеппен мен осы күнге дейін отыз милионнан айырылдым. Мен өз отбасыма, сүйіктіме, барлығына өтірік айттым. Тып-тыныш барып келіп, ешкімге бұл жайында тіс жармайтынмын. Қызыммен кездескен соң, оған "үйге бара жатырмын, ұйықтайын деп жатырмын" деп өтірік айтып жүрдім. Ал өзім шын мәнінде ол кезде Қапшағайға жол тартып бара жататынмын.

Айжан бұның бәрін сезгендей болды. Мен ойындардан алшақтатып, үнемі жұмыс істеуімді талап ететін. Ақыр-соңы өтірігімнің ашылатын уақыты да келіп жетті. Ұсталып қалдым. Оның үстіне өзім де осы бес жылда не тындырып келе жатқанымды енді түсінгендей болдым. Айжан мені бір айға осындай тәуелділіктен емдейтін клиникаға байланыссыз жатқызып тастады. Мен бұл ісімнің қате болғанын қабылдағым келмеді. Бірақ, кейін уақыт өте бұл нағыз ауру екенін ұқтым. Бұл есірткі мен ішімдіктен де нашар нәрсе. Мен отбасыма қарайтын бетім жоқ. Әлі де ұяламын. Менің басымнан өткен оқиға сіздерге сабақ болсын. Оңай ақша, оңай кетіп қалады" , - деп ағынан жарылды Байзақов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1896234-30-mln-tyldym-bajzakovany-inisi-kmar-ojyndarga-salynyp-ketkenin-mojyndady/

pixel