Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Нақты ұсыныстар жоқ": Дана Нұржігіт ұлттық экономика және әділет министрліктерін сынға алды

Опубликовано:

Дана Нұржігіт
Фото: Instagram/senate_kz

28 қаңтар күні өткен сенат отырысы барысында депутат Дана Нұржігіт ұлттық экономика және әділет министірліктеріне өз сауалын жолдады. Белгілі журналист заң жобаларын әзірлеу мәселесін көтерді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Сенат депутаты заң жобаларын дайындауғы қос министрліктің жұмысын сынға алды. Бұл туралы парламент сенатының ресми Instagram парақшасында хабарланды.

Дана Нұржігіт 2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың кеден кодексі туралы заң жобасымен бірге ұсынылып отырған қосымша құжаттарда, ұлттық заңнаманы ратификациядан өткелі отырған хаттамаға сейкестендіруге қатысты толық ақпараттар мен нақты ұсыныстар жоқ екенін атап өтті.

"Осы тәрізді заң жобаларын әзірлеу барысында халықаралық міндеттерді қабылдаудың ұлттық заңнамаға қатысты қатері мен әсері болжанады ма? Халықаралық шарттарды ратификациялау бойынша заң жобаларын мазмұнды және сапалы әзірлеуді күшейтуге бағытталған шаралар қабылдау жоспарларыңызда бар ма? Өйткені Конституцияға сәйкес дәл осындай халықаралық шарттар ұлттық заңдарымыздан басымдығы бар", -деп сенатор өз сауалын жолдады.

Еске сала кетейік, күні кеше өткен палата отырысында сенат депутаты Ақылбек Күрішбаев өсімдіктер карантині бойынша отандық зертханалардың жұмысы сын көтермейтінін айтты. Ол елімізде не не заманауи база, не кәсіби мамандар жоқ екенін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1896262-nakty-synystar-zok-dana-nrzigit-lttyk-ekonomika-zne-dilet-ministrlikterin-synga-aldy/

pixel