Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысында ер адам оқушы қызды зорлады деген күдікпен қамауға алынды

Жарияланған күні:

Қыз бала
Көрнекі фото: piqsels.com

Қарағанды облысында кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікпен ер адам қамауға алынды деп хабарлайды КТК арнасы.

Телеарнаның мәліметінше, бұл жайт облыс орталығынан шалғайдағы ауылда болған.

Алғашқы қауесет ауыл тұрғындарының әңгімесінен тарап кеткен. Тіпті мектеп оқушысы жүкті болып қалып, жасанды түсік те жасағаны туралы сыбыс тараған.

Осыдан кейін ақпаратты тексеруге ауылға барған полиция қызметкерлері оқиғаны растап, қыз зорлау фактісімен іс қозғаған.

Қызына жыныстық зорлық жасалғаны туралы ата-анасы да жақ ашпаған.

Ал күдікке ауылдағылар діни жоралғыларды өткізуге шақырып ауыл молдасына айналдырған азамат ілінген.

Мешіттегілер болса, 40 жастағы күдіктінің мүфтиятқа еш қатысы жоқтығын айтады. Күдіктінің діни білімі болғанымен, имамдық сертификат алмаған екен.

"Аталған хабарламаға сәйкес, қылмыстық кодекстің 120-бабы 4-тармағымен қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлерімен аталмыш іске қатысы бар деген күдікпен 40 жастағы облыс тұрғыны анықталып, ұсталды. Оған қатысты сотпен қамауға алу бұлтартпау шарасы қабылданды", - дейді Қарағанды облыстық ПД баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.

Дереккөз КТК арнасы

Еске салсақ, бұған дейін Ақтау тұрғыны қыз баланы зорлағаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылғанын жазған едік.

Сонымен қатар Екібастұзда 14 жастағы қызды зорлады деп айыпталған ер адам 15 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1896273-karagandy-oblysynda-er-adam-okusy-kyzdy-zorlady-degen-kdikpen-kamauga-alyndy/