Елімізде өткен тәулікте тағы 1500-ге жуық адамнан коронавирус анықталды
Жарияланған күні:
Қазақстанда өткен тәулікте COVID-19 инфекциясын жұқтырған тағы 1469 адам тіркелген деп хабарлайды Coronavirus2020kz.
Аймақтар бойынша коронавирус жұқтырғандар:
Нұр-Сұлтан қаласы - 124
Алматы қаласы - 122
Шымкент қаласы - 9
Ақмола облысы - 206
Ақтөбе облысы - 12
Алматы облысы - 75
Атырау облысы - 94
Шығыс Қазақстан облысы - 41
Жамбыл облысы - 22
Батыс Қазақстан облысы - 104
Қарағанды облысы - 80
Қостанай облысы - 137
Қызылорда облысы - 12
Маңғыстау облысы - 16
Павлодар облысы - 296
Солтүстік Қазақстан облысы - 109
Түркістан облысы - 10
Жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны - 183 999.
Еске салсақ, бұған дейін Нұр-Сұлтанда коронавируспен күресу үшін қандай шаралар қабылданып жатқаны белгілі болған еді. Бұл туралы елорда әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен қалалық қоғамдық кеңестің отырысында айтты.
Одан бөлек, отандық иммунологтар коронавирусқа қарсы вакцинаны қандай жағдайда салдыруға болмайтынын айтқан еді.
Мамандардың сөзінше, тұмауға шалдыққан және созылмалы ауруы ушыққан азаматтар вакцина салдыруға асықпағаны дұрыс.
Сонымен қатар коронавирус инфекциясын жұқтырған науқаспен байланыста болған және инкубациялық кезеңдегі азаматтар да вакцина салдырмағаны дұрыс.
Маманның айтуынша, арада 10-12 күн өтуі тиіс. Егер осы уақыт аралығында бәрі дұрыс болса, онда екпе егуге тыйым салынбайды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1896280-elimizde-tken-tulikte-tagy-1500-ge-zuyk-adamnan-koronavirus-anyktaldy/