Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Зейнетақы жинағын шешу: алаяқтар алдаудың жаңа тәсілін ойлап тапты

Опубликовано:

Ноутбук
Көрнекі фото: piqsels.com

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қазақстандықтарды алаяқтықтың жаңа түрінен сақ болуды ескертеді. Киберқылмыскерлер фишингтік сайттарға сілтемелері бар зейнетақы жинақтарының бір бөлігін алуға келісім беру туралы хабарлама жібереді. Тиісті ескерту БЖЗҚ-ның ресми сайтында пайда болды.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшылары алаяқтардың фишингтік шабуылдарына ұшырағандары туралы хабарлай бастады. Алаяқтар жіберетін хаттарда белсенділігі күдік тудыратын сайттарға сілтемелер тіркеліп, зейнетақы жинақтарын мақсатты пайдалануға рұқсат берілгендігі айтылады.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры "Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ-дағы (қазіргі "Отбасы банкі" АҚ) арнайы шотқа аудару туралы" деген мазмұнға ие жіберілімдер жасамайтынын ресми түрде мәлімдейді.

"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры сонымен қатар салымшыларға (алушыларға) біржолғы зейнетақы төлемдерін аударуға қатысты ешқандай хабарлама жібермейді және салымшының ешқандай дербес деректерін сұрамайды", – делінген зейнетақы қорында.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры бейтаныс сайттарға күдікті сілтемелер бойынша өтпеу туралы ұсыным жасап, қатаң ескертеді. Ақпаратты тек Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының www.enpf.kz ресми сайтында және уәкілетті операторлар болып есептелетін банктердің интернет-ресурстарында тексеру қажет.

Еске салсақ, "Отбасы банкінің" басшысы Ләззат Ибрагимова маңызды мәлімдеме жасады. Ол қазақстандықтарға енді зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын ЭКҰ процедурасы (экстракорпоральды ұрықтандыру) үшін алуға рұқсат етілетінін хабарлаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1896393-zejnetaky-zinagyn-sesu-alaaktar-aldaudy-zaa-tsilin-ojlap-tapty/

pixel