Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус өршіп тұрған Павлодар облысына 20 санитарлық бекет қойылатын болды

Опубликовано:

бекет1
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Коронавирустың таралу көрсеткіші бойынша "қызыл" аймаққа енген Павлодар облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Батырбек Әлиев тұрғындарға үндеу жасады. Ол өңірде эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты енгізілген шектеу шаралары туралы айтты деп хабарлайды облыстың санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.

Батырбек Әлиевтің сөзінше, 1 қаңтардан бері облыста 3714 адам коронавирус жұқтырған.

29 қаңтарда сырқаттанушылық бойынша рекордтық көрсеткіш тіркелген. Яғни бір тәулікте өңірде 296 тұрғыннан COVID-19 анықталған.

Қызыл аймаққа облыстың 9 ауданы мен 3 қаласы енген.

Осы орайда облыста эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты бірқатар шаралар қабылданған.

Мысалы демалыс күндеріндегі локдаун, ұжымдардың 80 пайызының қашықтықтағы жүйеде жұмыс істеуі, адамдардың көп жиналуын болдырмау мақсатында әлеуметтік маңызы бар нысандардың жұмыс кестесін шектеу, мектеп оқушыларының қашықтықтан оқуы, 65 жастан асқан адамдардың жүріп-тұруын шектеу және басқалары.

23 қаңтардан бастап облысаралық, облысішілік, қалааралық (Павлодар-Ақсу-Павлодар бағытымен біріктірілген Ақсу-Павлодар-Ақсуды қоспағанда), ауданаралық және шағын автобустардың қызметі тоқтатылған.

Барлық сауда объектілерінде, қоғамдық көліктерде, таксилерде, өндірістік аймақтарда, лифт кабиналарында, ұйымдарда және басқа да қоғамдық орындарда ҚР БМСД № 67 қаулысындағы талаптарды орындай отырып, санитарлық-дезинфекциялық өңдеу шараларын күшейту ұсынылған.

Сонымен қатар 31 қаңтардан бастап облыстың бірнеше ауданында санитарлық бекеттер қойылып, қозғалыс шектелмек.

Мәселен:

  • Ертіс ауданы Ертіс ауылында - 31 қаңтардан 14 ақпанға дейін;
  • Май ауданында - Көктөбе және Кеңтүбек ауылдарында (қозғалыс сағат 7 ден 20.00 ге дейін, оның ішінде жаяу) 29 қаңтардан 12 ақпанға дейін;
  • Железин ауданы Железин және Башмачное ауылдарында - 1-15 ақпан аралығында;
  • Успен ауданында - Галицкое, Қоңырөзек, Қозыкеткен, Константиновка ауылдарында (4 санитарлық бекет);
  • Аққулы ауданында (әзірше аудан орталығында) 1 санитарлық бекет қойылады.

Әлиевтің айтуынша, жалпы облыста 20 санитарлық бекет қою жоспарланып отыр.

Ол жерлерде вирустық инфекциялардың белгілерін анықтау мақсатында термометрия жүргізіледі және арнайы қызметтерді қоспағанда жеке тұлғалар тек рұқсат қағаздары, анықтамалары болған жағдайда өте алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1896484-koronavirus-rsip-trgan-pavlodar-oblysyna-20-sanitarlyk-beket-kojylatyn-boldy/

pixel