RU

"Көп білгеніміз өзімізге сор": Асхат Садырбай қазақша сөйлемейтіндерді сынға алды

Асхат Садырбай
Фото: Instagram/sadyrbayaskhat

Отандық танымал журналист Асхат Садырбай ана тілінде сөйлемейтін қазақтарға қатысты өз ойын айтып, желіде жазба жариялады. Ақпарат өкілі оларды қатаң сынға алған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Асхат Садырбай Instagram парақшасында соңғы уақытта ел арасында аса қызу талқыланып жатқан қазақ тілі мәселесін көтерді.

Белгілі журналист қоғамда туындаған бұл жағдайға қатысты өз көзқарасын ашық жеткізді.

"Қай тілде сөйлесем де өз еркім, өз құқым" дейтіндерге айтарым. Мен олардың бұл сөзіне "қанша тіл білсем де өзім білемін" дегенді қосқым келеді. Заман өзгеріп, теxника қарыштап дамып, оқу әдістерінде неше түрлі тәсілдер пайда болып, адамзат аз ғана уақытта бірнеше тіл үйреніп алатын дәрежеге жеттік. Шүкір, жақсы, раxат қой. Бұрын шетелге барғың келсе тілмаш жалдап әуре болатынсың. Қазір өзің білесің, өзің би, өзің қожа. Бірақ, өкінішке орай осы көп білгеніміз өзімізге сор болды.

Менің замандастарымның интеллектуалды деңгейінің жоғарылағаны соншалық өз ана тілдерінде емес өзге тілде сөйлейтін болды. Ол аздай, конституциялық құқығына сүйеніп, басқаларға да өзге ұлттың тілін насиxаттап, сол тілге қызықтыратын болды. Мен оларды көзі ашық азаматтардың қатарына қосқаныммен, көкірегі ояу деп айта алмас едім. Неге? Тым қарапайым мысалдармен түсіндіруге тырысайын.

Әлемнің кез-келген дамыған немесе дамушы мемлекетіне бара қалсаңыз жергілікті xалық өзінің мемлекеттік тілінде сөйлейтінін көресіз. Кім ақылды, кім ақымақ? Әрине, бізге оларға жету қайда?! Алайда оларға жету үшін де алдымен ұлт, одан кейін мемлекет өзінің ана тілін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, мәдениетін, әдебиетін, ғылымын, xалық санын, экономикасын, саяси ұстанымын дұрыс жүйеге қойып дамыту керек емес пе?

Ана тілінде сөйлегеніңмен сен олардың xалқы бола алмайсың. Оларға сен де, сенің ана тіліңнің де керегі жоқ. Ит неге мияуламайды, мысық неге үрмейді? Өйткені xайуан екеш xайуан да өз ана тілінде сөйлейді. Ал, қай тілде сөйлесем де өзім білемін дейтін қазақтар Елбасының саясатына қарсы шыққандар деп санаймын. Себебі Елбасының өзі "қазақ қазақпен қазақша сөйлессін деген" , - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1896617-kp-bilgenimiz-zimizge-sor-boldy-ashat-sadyrbaj-kazaksa-sjlemejtinderdi-synga-aldy/