Павлодарда 200-ге жуық адам қонақ үйден эвакуацияланды (видео)
Жарияланған күні:
Павлодарда қоқыс өртеніп, салдарынан 186 адам қонақ үйден эвакуацияланды деп хабарлайды Павлодар облысы ТЖД Instagram парақшасы.
Қызыл жалын туралы хабарлама "101" пультіне 31 қаңтарда сағат 21:03-те түскен.
Оқиға орнына тез арада өрт сөндірушілер аттанған. Құтқарушылар 11 қабатты қонақ үйдің бірінші қабатында 10 шаршы метр жердегі қоқыстың өртенгенін анықтаған.
Сағат 21:23-те 20 минуттан кейін қызыл жалын ауыздықталған. Ал 21:33-те өрт толығымен сөндірілген.
"Қонақ үй адамдар жаппай жиналатын нысан болғандықтан, бір мезетте өрт сөндірушілердің сүйемелдеуімен 186 адам, соның жетеуі бала баспалдақтық бағытпен құтқарылды. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Шығын жоқ", - дейді ТЖД баспасөз қызметі.
Төтенше жағдайлар департаментінің 40 қызметкері мен 10 бірлік техника өрт сөндіруге қатысқан. Өрттің алдын ала шығу себебі - отты абайсыз пайдалану.
Еске сала кетсек, Оралда алапат өрттен тұрғын үйдің төрт бірдей пәтері күл-талқан болғанын жазған едік. Оқиға салдарынан бір адам қаза тапқан. Өрттен аман шыққанымен, далада қалып қойған тұрғындар енді не істейтіндерін және кімнен көмек сұрайтындарын білмей отыр.
"Қазіргі уақытта өрттің себептері мен кінәлілерді анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Алдын ала себеп - темекі шегу кезінде отқа ұқыпсыз қарау", - деді БҚО Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Арман Тоқанов.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1896658-pavlodarda-200-ge-zuyk-adam-konak-jden-evakuacialandy-video/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.