Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Вице-министр вакцинаның жағымсыз әсері үшін кім жауап беретінін айтты

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов коронавирусқа қарсы вакцинаның жағымыз әсері болса, әрбір жағдай жеке дара тексерілетінін мәлімдеді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оның айтуынша, вакцинацияның әрбір кезеңінде өндірушіден бастап емдеу мекемелеріне дейін жауапкершілік ортақ, барлығына бірдей болады.

"Денсаулық сақтау министрлігі әрбір жағдайды жеке дара қарастырып тексереді", - дейді Қиясов.

Ол үшін өңірлік, қалалық денсаулық басқармалары жанынан арнайы комиссия құрылатыны белгілі болды.

Басылым мәліметінше, ресейлік "Спутник V" вакцинасын егу шаралары екі кезеңнен тұрады.

Алдымен бірінші компоненті салынады. Ал 21 күннен кейін екінші компоненті егіледі. Бүгін бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов пен вице-министр Ажар Ғиният  ресейлік вакцинаның алғашқы компонентін салғызды.

Екеуі дәрігердің қарауынан өтті. Одан кейін вакцинаны өз еркімен салдыртқаны туралы келісімге қол қойды. Жарты сағаттан кейін екеуін босатты. Бірақ 21 күннен кейін олар қайта келіп, вакцинаның екінші компонетін алуы керек.

"Мысалы, маған осындай жадынама берді. Онда 22 ақпанда келесі вакцинаны алу туралы жазылған. Одан бөлек, үш тәулікке дейін қандай әсері болады, сонымен қатар, дәрігердің телефон нөмірі жазылған. Екпе алған әрбір адамға жадынама беріледі. Сосын ол үш күн бойы дәрігерлердің қарауында болады. Мамандар оның үйіне немесе жұмысына қоңырау соғып, жағдайын біліп отырады. Мен өзім қазір бірден жұмысқа барамын", - деді вице-министр Ажар Ғиният.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1896673-vice-ministr-vakcinany-zagymsyz-seri-sin-kim-zauap-beretinin-ajtty/