RU

Қазақстандықтар жүргізуші куәлігі мен техқұжатсыз қашаннан бастап жүре алады

жүргізуші авто 2
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Бүгін, 1 ақпанда мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол қозғалысы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды. Құжат әлі ресми түрде күшіне енген жоқ деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Заңға сәйкес қазақстандық автокөлік жүргізушілері жүргізуші куәлігі мен техникалық құжатсыз жүре алады.

Енді олар жол полициясына тек жеке куәліктерін көрсетсе жеткілікті. Алайда, бұл бәріне бірдейі қатысты емес.

Шетелдіктер әлі де жүргізуші куәлігі мен техникалық құжатты көрсетуге міндетте.

Айта кетейік, заң ресми түрде жарияланған соң 10 күннен кейін күшіне енеді. Қазіргі уақытта ол әлі жарияланған жоқ. Осыған байланысты, қазақстандық көлік жүргізушілері әлі де өзімен жүргізуші куәлігін алып жүруі тиіс.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қарағанды облысында жол апатынан бес адам қаза болғанын хабарлаған едік.

Алдын ала мәліметтер бойынша, 35 жастағы ер адам басқарған BMW көлігі Chevrolet автокөлігімен соқтығысып, салдарынан BMW жүргізушісі қайтыс болған.

Онымен бірге тағы төрт адам алған жарақаттарынан көз жұмған. Олардың бірі BMW-де қалғаны Chevrolet көлігінде болған.

Полицияның мәліметінше, болжам бойынша соқтығысуға жол берген жүргізуші көлікті басқара алмай, қарама-қарсы жолаққа шығып кеткен.

Қазіргі таңда полиция қызметкерлері тергеу амалдарын жүргізуде, сараптамалар тағайындалған. Ведомство жүргізушілерді жол ережелерін сақтауға және жолда абай болуға шақырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1896720-kazakstandyktar-zrgizusi-kuligi-men-tehkzatsyz-kasannan-bastap-zre-alady/