Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда көлікке соғылған ер адамның видеосы Қазнетті шулатты (видео)

Опубликовано:

Жүргінші
Көрнекі сурет: pixabay.com

Атырауда көше бойымен келе жатқан Toyota Camry автокөлігіне жаяу жүргінші жүгіріп кеп соғылған сәттің видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Желі қолданушыларының дені азаматтың бұл қылығын қымбат көлік иесінен ақша өндіру үшін жасалған әрекет деп бағалап, сын пікірлерін жаудыруда.

Алайда тәртіп сақшылары 38 жастағы Атырау облысының азаматы көлікті көрмей, жолды кесіп өтпек болғанын алға тартты.

Полицейлердің айтуынша, сол маңдағы жеке кәсіпкерлердің бірінің бейнебақылау камерасына түскен оқиғаны әлдебіреулер жылдам қозғалтып, әдейі монтаждаған екен.

"Жылдам қозғалтып, видеоны тез жүргізіп, солай түсіріп, солай лақтырып тұр. Және де әлеуметтік желіге "ақша табудың жаңа түрі" деп халықтаң арасында шу шығарайын деп па, сондай мақсатта салып тұр. Видеоны салған адамды біз анықтай алмадық.

Бізге ол жердегі жеке кәсіп иелері видеоларын көрсетпеді. Біз тек әлеуметтік желі арқылы сол баланы анықтап, сол арқылы өзіне қатысты хаттама толтырдық, өзі кінәсін толық мойындап тұр", - дейді Атырау қаласы Полиция басқармасы патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары Нұрбақыт Басаров.

Тәртіп сақшылары жаяу жүргіншілер өтуге арналмаған жерден өткені үшін, ер адамға айыппұл салған.

Телеарнаның хабарлауынша, бұл көшеге әдетте тұрақты жұмысы жоқ, күндік напақасын тауып жүргендер жиналады. Көлікке соғылған ер адам досымен бірге, кезекті жұмыс берушіге қарай асығыс кетіп бара жатқанын айтып ақталған.

Алайда оқиға болғаннан күннен бастап, яғни екі күннен бері көлікке соғылған жігіт бұл жерден төбе көрсетпепті.

Б. Нәдірқызы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1896811-atyrauda-klikke-sogylgan-er-adamny-videosy-kaznetti-sulatty-video/

pixel