Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ешкімге бағынғысы келмейді": Ерланби Дәулетияр қазіргі жастарды сынады

Опубликовано:

Ерланби Дәулетияр
Фото: Instagram/yerlanbi_dauletiyar

"КТК" арнасының тележүргізушісі Ерланби Дәулетияр қазіргі қоғамағы жастар мәселесін көтеріп, оған қатысты қандай ойда екенін ашық айтты. Ақпарат майталманы жас буын өкілдерінің бүгінде жұмыс істеуге талпынбайтынына ренжулі деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ерланби Дәулетияр соңғы кезде жастар қауымынан көңілі қала бастағанын жасырмады.

Белгілі тележүргізушінің сөзінше, қазіргі таңда жастар біреудің қол астында жұмыс істегісі келмейді. Олар бағынышты әрі тәуелді болудан қашады.

Бұл жайтқа ашынған ақпарат өкілі Facebook желісіндегі парақшасында жазба жариялап, бүгінгі жас буынға қатысты өзінің ой-пікірін халыққа жеткізген.

"Ешкімнің қол астында жұмыс істегісі келмейтін, ешкімге бағынғысы, тәуелді болғысы келмейтін жастар өсіп келеді. Бәрі шетінен көшбасшы, тұлға!

Иә, келісем, ондай да қасиеттер керек-ақ. Бірақ, айналайындар-ау жұмыс тапсыратын қарапайым адам таппай қалдық қой. Бәрі жоқтан бар жасап байыған шетелдік стартаперлердің оқиғаларымен рухтанып алған, әңгімелерін тыңдасаң "мен де соны істеп бере алам, керек десең мен одан да күшті жасаймын!"-ға саяды.

Бірақ, жеме-жемге келгенде шетелдік емес өзіміздің, отандық деңгейдегі жұмысқа да зар боп отырмыз. Сұраған ақшасына да келіскенбіз, 3-ші апта болды хабарлассаң алмайды, жазсаң жауап бермейді. Не кезекті бір "гаражный" оқиғаға рухтанып аспанда қалқып жүр, не мотивациясының буы тарқап тағы депрессияға кетті" , - деп жазды Ерланби Дәулетияр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1896835-eskimge-bagyngysy-kelmejdi-zurnalist-erlanbi-duletiar-zastardy-synga-aldy/

pixel