Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еңбек министрі мүгедектігі бар жандар үшін жағымды жаңалықтар жариялады

Опубликовано:

Серік Шәпкенов
Фото: primeminister.kz

Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі жағымды жаңалықтармен бөлісті деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында мүгедектігі бар жандарды қолдау мәселесі талқыланды. Министр көтерілген мәселерді қабылдау үшін бюджет қаражатын қосымша бөлудің қажеттілігі жоқтығын атап өтті. Себебі, өзгерістер қабылданған жағдайда, осы салаға алдағы 3 жылдыққа бөлінген 55,4 млрд теңге қаржы шеңберінде іске асырылатын болады.

Алғашқы жағымды жаңалық - бірінші топтағы мүгедектерге күтім жасайтын адамдар үшін жаңа жәрдемақы енгізілмек. Бұл жаңашылдық 24 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі азаматқа қатысты болады дейді министр.

"Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік жетілдіру, әлеуметтік қызметтер арқылы инвотакси және арнаулы әлеуметтік қызметтерді алуға құжаттарды рәсімдеу, табысы аз отбасыларды кепілдендірілген әлеуметтік топтамамен қамтамасыз ету мәселелері әзірленді", - дейді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов.

Өзгерістер тұрғын үй кезегіне тұрған мүгедектігі бар жандар үшін де енгізілмек. Қолданыстағы заңға сәйкес, бүгінде кәмелетке толмаған мүгедектер де баспана кезегінде тұр. Алайда 18 жасқа дейін олар үй алып үлгермесе, кезекке кәмелетке толған тұрғын ретінде қайта тұруға мәжбүр.

Қайта-қайта кезекке тұру тиімсіздігін дәлелеп берген министр алдыңғы кезекті сақтауды ұсынып отыр.

Айтып өтейік, қазір кәмелет жасына толмағандар арасында 20 мың адам пәтер кезегінде тұр.

Асыраушысынан айрылған мүгедектерге берілетін жәрдемақы мәселесі де көтерілді.

"Мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айрылуы бойынша жәрдемақыларды бір мезгілде алу құқығын беру. Бұл асыраушысынан айырылған және құрамында мүгедек балалары бар отбасылардың табыс деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Аталған норма енгізілген кезде 2 мыңнан астам бала мүгедектігі бойынша жәрдемақымен қоса, асыраушысынан айрылуы бойынша жәрдемақы алатын болады", - дейді министр Серік Шәпкенов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1896854-ebek-ministri-mgedektigi-bar-zandar-sin-zagymdy-zaalyktar-zarialady/

pixel