RU

Еңбек министрлігі қазақстандықтарды сақ болуға шақырды

телефон
Көрнекі фото: pixabay.com

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қазақстандықтарды сақ болуға шақырды. Ведомствоның мәліметінше, соңғы уақытта өзін министрліктен екенін айтып, қоңырау шалатындар пайда болған.

"Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі – Еңбекмині) қызметкерлері қазақстандықтарға әлеуметтік көмек тағайындау туралы ұсыныспен қоңырау шалуды жүзеге асырмайды. Азаматтардан қырағылық танытуды және белгісіз адамдардың қулықтарына бой алдырмауды сұраймыз!

Соңғы уақытта қазақстандықтарға түрлі байланыс операторларының ұялы нөмірлерінен қоңыраулар түсуде.

Белгісіз адамдар өздерін Еңбекминінің қызметкерлері деп таныстырып, банктік картаның құлпын ашу үшін кредиттерді өтеуді сұрайды немесе азаматтардың жеке деректерін сұратады.

Еңбекминінің қызметкерлері азаматтарға қоңырау шалуды жүзеге асырмайды және жеке ақпарат сұрамайды.

Азаматтардан қырағылық танытуды және белгісіз адамдардың қулықтарына бой алдырмауды сұраймыз!", - дейді министрлік.

Айта кетейік, бұған дейін еңбек министрлігі баласы бір жасқа толмай, жұмысқа шығатын әйелдерді қуантатын жаңалық жариялаған еді.

Министрліктің мәліметінше, декретке шыққан әйел баласы бір жасқа толмай, жұмысқа кіріссе, онда ол мемлекеттік бюджеттен бала күтіміне байланысты жәрдемақының кепілдік берілген мөлшерін ала береді.

Яғни, әлеуметтік сақтандыру қорынан төлем тоқтатылса да, мемлекеттік бюджеттен жәрдемақы алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1896962-ebek-ministrligi-kazakstandyktardy-sak-boluga-sakyrdy/