Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда карантинге қатысты жаңа қаулы шықты

Опубликовано:

Бетперде12
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенованың карантинге қатысты жаңа қаулысы шықты.

Жаңа қаулыға сәйкес:

Ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу) іс-шараларды оның ішінде үйде өткізуге тыйым салынады.

Митингілер, шерулер, жиындар өткізуге де рұқсат жоқ.

Міндетті түрде 2 метрден кем емес әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, жеке тәртіппен және 5 адамнан аспайтын топпен тек ашық ауада спорттық жаттығулар өткізуге рұқсат.

Бір отбасы мүшелерін немесе 3 адамнан аспайтын топтарды қоспағанда, табиғатқа экскурсиялық, корпоративтік, топтық шығуларды ұйымдастыруға және қаланың көрікті жерлеріне шолу жасауға тыйым салынады.

Қызметі жаңартылмаған объектілердің яғни бильярд, караоке, боулинг-орталықтардың, батуттардың, компьютерлік, түнгі клубтардың, букмекерлік кеңселер мен ойын клубтарының жұмыс істеуіне рұқсат жоқ.

Одан бөлек лотерея ұтыстарына, жабық ғимараттардағы ойын алаңдары мен аттракциондарға, спорттық объектілерде орналасқандарды қоспағанда, мұзды және роликті сырғанақтарға баруға тыйым салынады.

65 жастан асқан адамдардың қала және қоғамдық орындар бойынша жүріп-тұруы шектеледі.

Қоғамдық орындарда, оның ішінде қалалық қоғамдық көліктерде жүргенде, қызметіне рұқсат етілген объектілерге барған кезде, сондай-ақ қоғамдық орындарда ашық жерде болған кезде (спортпен шұғылдану кезінде және 5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда) бетперде тағу, әлеуметтік қашықтықты сақтау және антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптарды қатаң сақтау қажет.

Қаулының толық нұсқасымен мына жерден таныса аласыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1896975-nr-sltanda-karantinge-katysty-zaa-kauly-sykty/

pixel