RU

Қазақстанның ең бай кәсіпкерлерінің бірі Әлижан Ибрагимов қайтыс болды

Алиджан Ибрагимов
Алиджан Ибрагимов. Фото: erg.kz

Қазақстанның ең бай кәсіпкерлерінің бірі Әлижан Ибрагимов Бельгияда қайтыс болды. Ол 66 жаста еді.

24.kg қырғызстандық агенттіктің мәліметінше, Ибрагимов ұзақ уақыт бойы комада жатқан. Өлімнің алдын ала себебі- коронавирус инфекциясы.

Кәсіпкер Өзбекстанның Ферғана облысында дүниеге келген. Кейін отбасы Қырғызстанның Шу облысы Тоқмақ қаласына көшіп келген.

Әлижан Ибрагимов Қазақстанның ең бай бес кәсіпкерінің қатарына кіреді. Ол - Қазақстан азаматы, алты ұлы бар.

Марқұм еңбек жолын экономист және бірқатар жеңіл өнеркәсіп кәсіпорын басшысы болып бастаған. "Невада - Семей"акционерлік қоғамын басқарған. Бес жыл бойы, 1995 жылдан 2000 жылға дейін Еуразиялық банк директорлар кеңесінің басшысы қызметін атқарды.

Forbes-тің мәліметінше, 2020 жылдың желтоқсан айында оның байлығы 900 млн доллар деп бағаланған.

Марқұм серіктестері Александр Машкевич және Патох Шодиевпен бірге Eurasian Resources Group компаниясына иелік еткен (үлесі 20,7 пайыз).

Бұдан басқа, Әлижан Ибрагимовке "Еуразиялық қаржы компаниясы" АҚ – ның 33 пайызы (Еуразиялық банк, "Евразия" СК), "Еуразиялық өнеркәсіптік компания" АҚ-ның 33 пайызы ("Боралдай әуежайы" ЖШС, "Альтаир Эйр" ЖШС-жерді жалға беру; "Жайлау" гольф-клубы) және сумен жабдықтау, электр энергиясын өндіру және тарату, сауда және кеңсе үй-жайларын жалға беру, авиациялық-техникалық кешен, көтерме сауда сынды салаларда жұмыс істейтін кемінде 17 ұйымға бақылау жасайтын "Еуразиялық өндірістік компания" АҚ-ның 33 пайызы тиесілі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1897034-kazakstanny-e-baj-ksipkerlerini-biri-alidzan-ibragimov-kajtys-boldy/