Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда карантиннен жұмыссыз қалып, подъезде күнелткен жігіттің өмірі бір сәтте өзгерді (фото, видео)

Жарияланған күні:

Илья
Илья. Скриншот: instagram.com / qazaqpyz_goi

Тастамбекова Гүлнәр есімді Алматы тұрғыны карантиннің салдарынан жұмыссыз қалып, подъездерде күнелткен жетім жігітке баспана мен жұмыс тауып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Бұл оқиғаның видеосымен Instagram желісіндегі qazaqpyz_goi атты парақша бөліскен.

"Біздің баспалдақ маңында он күн бойы ер адам тас бетонда түнеп жүрді. Бір күні анам оған тамақ ұсынды", - деп әңгімесін бастады Мадина есімді бойжеткен.

Жігіт
Скриншот: instagram.com / qazaqpyz_goi

Мадинаның анасы үйі жоқ азаматқа тамақ ұсынған екен.

"Борщ, шай мен кәмпиттер ұсындым, бәрін жеп алды. Не үшін подъезде күнелтіп жүргенін сұрадым. Ол баспанамен және мемлекетпен мәселелер туындағанын айтты. "Ішкілікке салынғансыз ба" деп сұрап едім, мүлде ішпейтінін айтты. Аяп кеттім. Жасы үлкен кісі деп ойласам, 35-тегі жігіт екен", - дейді Мадинаның анасы Тастамбекова Гүлнәр.

Жігіттің есімі - Илья. Қайырымды жандардың айтуынша, ол балалар үйінен болғанына қарамастан, өзіне тиесілі баспананы ала алмаған. Карантин салдарынан жұмыссыз қалған жігіт пәтерақысын төлей алмай, далада қалған екен.

Күндіз металл жинап өткізіп, күнделікті тамағына ғана қаражат таба алған Ильяның подъезде түнеуден өзге амалы қалмапты.

Абырой болғанда, тұрғын үйдің подъезінен ешкім оны қуып жібермеген. Қайта көмек қолын созып, оның аяққа тұруына көмектескен.

Жігіт
Илья, көмек көрсетілгеннен кейін. Скриншот: instagram.com / qazaqpyz_goi

"Ол жеке куәлігінің мерзімі өткендіктен, айыппұл салынғаннан кейін құжатсыз қалған. Бұл жайт туралы мен өз Instagram парақшамда жазып, бір жарым сағат ішінде бей-жай қалмаған өзге жандардың қаражатын қосып, қажеттінің бәрін сатып алдық. Біз оған киім, жуынатын заттар алып бердік. Мейірімді адамдар бізге өз заттарын әкеліп беріп жатты. Біз оның барлық айыппұлдарын жаптық. Тіпті құжатын алуға көмектесу үшін оны өз үйімізге тіркедік.

Моншаға алып барып, хостелге жайғастырдық. Жұмыс тауып бердік. Келесі күні оған тұратын үйі, тамағы мен айлығы қарастырылған жұмыс табылды. Бір тәулік ішінде өмірін өзгертіп, ол үшін ғажайыптар жасадық. Енді оның үйі, жұмысы, таза киімі бар әрі мемлекет алдында қарызы жоқ. Адамдарға көмектесіп, оларға менсінбей қарауды қою керек. Біздің ертеңіміз қандай боларын ешкім білмейді", - дейді видео авторы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1897050-almatyda-karantinnen-zmyssyz-kalyp-podezde-kneltken-zetim-zigitti-miri-bir-stte-zgerdi-foto-video/