Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысы көш басында: Елімізде карантин басталғалы бері ішімдікке сұраныс 20 пайызға артқан

Опубликовано:

Ішімдік
Көрнекі сурет: piqsels.com

Қазақстанда коронавирус індетіне байланысты карантин жарияланғалы бері ішімдікке сұраныс 20 пайызға артқан деп хабарлайды energyprom.kz сайты.

Арақ өндірісі 2020 жылдың қаңтар-желтоқсанында 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22,2 млн литрге дейін жетіп, 14 пайызға өскен.

Еліміздің 17 аймағының 6-сында арақ өндірісі жүзеге асырылуда.

Арақ өндірісі бойынша көш басында Ақмола облысы келеді: 7,5 млн литр. Содан кейінгі орындарған Солтүстік Қазақстан (5,6 миллион литр) және Алматы (3,7 миллион литр) облыстары мен Шымкент қаласы (845 мың литр) жайғасқан.

Тағы 4,6 миллион литр арақ Алматы қаласы мен Ақтөбе облысының үлесінде.

2021 жылғы қаңтарда еліміздің қалаларында арақтың бөлшек саудадағы бағасы литріне 3202 теңгені құраған, бұл 2020 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 8,9 пайызға артық.

Қазақстанның ірі қалалары мен мегаполистерінің ішіндегі ең қымбат арақ - елордада: литрі 3962 теңге. Одан кейін Атырау (литріне 3931 теңге) мен Ақтауда (литріне 3578 теңге) бағасы шарықтап тұр.

Ең арзан арақ Семейде (литрі 2698 теңге), Өскеменде (литрі 2702 теңге) және Таразда (литрі 2736 теңге).

Арақтың құны еліміздің барлық қалаларында өскен. Жыл ішінде ең жоғары өсім Қызылордада (20,8 пайызға, литрі 3398 теңгеге дейін), Көкшетауда (15,9 пайызға, литріне 2872 теңгеге дейін) және Қарағандыда (15,1 пайызға, литріне 3390 теңгеге дейін) тіркелген.

Ішкі нарықта арақ пен алкогольдік ішімдіктерді тұтыну бір жыл ішінде 21,5 пайызға өсіп, қаңтар-қараша айларында 35,7 млн ​​литрді құрап отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1897074-akmola-oblysy-ks-basynda-elimizde-karantin-bastalgaly-beri-isimdikke-sranys-20-pajyzga-artkan/

pixel