Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда 17 жастағы қыздың өліміне қатысты деректер анықталды

Опубликовано:

Николай Қожахметов
Николай Қожахметов. Фото: NUR.KZ

Оқушылардың уланып, бірі қайтыс болуына байланысты жағдайға Павлодардағы балаларды қолдау жөніндегі облыстық орталықта түсініктеме берілді. Мұнда жасөспірімдер антисептикті жасырын түрде сумен сұйылтып ішкені туралы айтылды. Мекеме жабық болғанымен, балалар еркін жүріп-тұрған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Эпидемиологиялық жағдайға және енгізілген карантинге байланысты орталық қазір жабық. Тіпті ата-аналары мен жақын туыстарына кіруге тыйым салынған. Оқиғаның 2 қаңтарда болғаны анықталды. Қыздың Жаңа жылдық мерекелерді осылай атап өткені де жасырын емес.

"Әрине, мұның бәрі сахна артында, мүмкіндігінше жабық түрде жасалды. Біздің мекеме түрме немесе арнайы мектеп-интернат емес. Бізде өмірлік қиын жағдайға тап болатын балалар, әртүрлі отбасылардан және белгілі бір психологиялық зақым алған балалар бар", – деді облыстық балаларды қолдау орталығының басшысы Николай Қожахметов.

Осы арада балалар облыстық ауруханасына жедел жәрдем көлігімен бірінші болып 17 жасар қыз келгенін айтты. Жағдайы ауыр болған соң, оны тез арада жансақтау бөліміне ауыстырған. Қыз бір жарым сағаттан кейін қайтыс болды.

"Бұл антисептиктің құрамына техникалық спирттер – метил, изопропил кіреді. Науқастың қабылдаған мөлшері өте үлкен. Химиялық заттармен, техникалық спирттермен уланып қайтыс болды деп болжаймын", – деп түсіндірді Павлодар облыстық балалар ауруханасы директорының орынбасары Ирина Орсагош.

17 жастағы қыз жатқызылған соң бірнеше сағат өткеннен кейін, тағы 16 жастағы екі жасөспірім ауруханаға түскен. Олар медициналық мекемеде 10 күн болып, бүгінгі күні жазылып үлгеріпті.

Аурухананың мәліметінше, түскен оқушылар өздері антисептикті тек 2 қаңтарда ішкенін айтты. Бірақ 17 жасар қыз оны 31 желтоқсанда, 1 және 2 қаңтарда ішкен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1897097-pavlodarda-17-zastagy-kyzdy-limine-katysty-derekter-anyktaldy/

pixel