Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанға анасынан қалған мұра үшін келген ресейлік "жындыханадан" бір-ақ шықты

Опубликовано:

Видеодан
Видеодан кадр: Youtube

Қазақстанға анасынан қалған мұра үшін келген Ресейдің Тула облысының тұрғыны психиатриялық ауруханадан табылды деп хабарлайды Politic.

Павлодар облысының полиция департаменті таратқан ақпаратқа сәйкес, 28 қаңтарда қалалық полицияға қонақ үйлердің бірінің әкімшісі жүгінген.

Оның сөзінше, олардың қонағы екі күн бұрын бөлмеден шығып, жоғалып кеткен.

Ер адамның телефон қоңырауларына жауап бермегені белгілі болды.

Тексере келе тәртіп сақшылары өткен жылдың желтоқсан айында көз жұмған анасының пәтерін сату үшін Ресей азаматы Павлодарға келгенін анықтаған.

Жылжымайтын мүлікті сатқаннан кейін ресейлік ақшаны банкке салған.

Ал полиция қызметкерлері ер адамды облыстық психикалық денсаулық орталығынан тапқанын хабардар етті. Тула тұрғыны онда ем қабылдап жатқан. Ресейліктің емдеу орталығына қалай тап болғаны жайлы хабарланған жоқ.

Еске сала кетсек, осыған дейін Ресейде есірткі таратқан Қазақстан азаматы 8 жылға сотталып кеткенін жазған едік. Тұтқындау кезінде наркокурьер ретінде 200 ресейлік рубль көлемінде "қосымша ақша" тауып үлгерген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1897118-kazakstanga-anasynan-kalgan-mra-sin-kelgen-resejlik-zyndyhanadan-bir-ak-sykty/

pixel