Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда қарттар үйінде 99 адам коронавирус жұқтырған

Опубликовано:

Қарттар үйі
Видеодан кадр: КТК

Қарағанды облысының Шахан ауылында карантин шаралары күшейтілді. Елдімекенде орналасқан қарттар үйінен кесел ошағы анықталған. Мекемеде 70 қария мен 29 қызметкер коронавирус жұқтырған деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Қарттар үйінде 91 тұрғын бар. Соның 70-нен COVID-19 инфекциясы анықталған. Оған қоса, 26 қызметкер де коронавирус жұқтырған.

Қазір науқастардың барлығы ауруханаға жатқызылған.

Телеарна ақпарынша, СЭС мамандары "Мекемедегі қариялардың 90 пайызына кесел жұққанша, ауру ошағы неге анықталмаған?" деген сұраққа жауап бере алмаған. Эпидемиологтар кесел жұқтырғандармен қарым-қатынаста болғандардың санын әлі анықтамаған.

Соның салдарынан карантин күшейтіліп, сенбіден бастап шағын Шахандағы мектеп пен балабақшаның барлығы жабылмақ.

Сауда орындары демалыста жұмыс істемейді, жексенбіде ауылға қоғамдық көлік те қатынамайды.

Дереккөз: КТК

Айта кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте тағы 1280 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталған. Олардың дені әлі де Павлодар облысынан болып отыр.

Ал елімізде 1 ақпаннан бастап коронавирусқа қарсы жаппай вакцина егу басталды. Қазақстанда COVID-19-ға қарсы вакцина ерікті және тегін.

Осы орайда денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният медицина қызметкерлерін коронавирусқа қарсы вакцинаны салдыруға мәжбүрлеген жағдайда қайда және кімге шағымдана алатынын айтты.

"Біз әрбір жайтты тексеріп, қажетті шаралар қабылдаймыз. Департаменттер, министрліктер, денсаулық сақтау министрлігі комитеттерінің бөлімшелері және тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменттері бар. Медицина қызметкерлері (егер оларды вакцина салдыруға мәжбүрлеген болса - ред.) сол жерге жүгіне алады", - дейді Ажар Ғиният.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1897233-qaragandyda-qarttar-uiinde-99-adam-koronavirus-zuqtyrdy/

pixel