RU

СҚО-да мас күйінде көлік басқарған шенеунік қызметінен айырылды

Көрнекі
Көрнекі фото: NUR.KZ

Петропавлда шенеунік мас күйінде көлік басқарғаны үшін қызметінен айырылды. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік қызмет департаментінің Facebook-тегі ресми парақшасында жария етілді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ағымдағы жылдың 2 ақпанында Солтүстік Қазақстан облысында өткен әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысында Петропавл қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысына қатысты іс қаралды.

Агенттіктің мәліметінше, шенеунік әдеп кодексін және "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" заңын бұзған. Айта кетейік, құжатқа сәйкес мемлекеттік қызметкер әкімшілік құқық бұзушылық жасамауға және қызметтік этиканы сақтауға міндетті.

Тәртіптік іс материалдарынан өткен жылы 17 желтоқсанда Петропавл қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы мас күйінде көлік басқарғаны туралы қорытынды шыққан.

Сот шешімімен шенеунік жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырыла отырып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Әдеп жөніндегі кеңесте тәртіптік істі қарау нәтижелері бойынша қала әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысын қызметінен босату ұсынылды, делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1897333-sqo-da-seneunik-mas-kuiinde-kolik-basqargany-usin-qyzmetinen-aiyryldy/