Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық депутаттар таңертең жұмысқа қалай келеді (фото)

Жарияланған күні:

Фото
Дариға Назарбаева, фото: SPUTNIK / ВЛАДИСЛАВ ВОДНЕВ

Қазақстандық депутаттар таңертең жұмысқа қалай келеді? Бұған Sputnik Қазақстан тілшісі жауап іздеп көрді. БАҚ өкілі таңертең мәжіліс алдында халық қалаулыларын торуылдап, көпшіліктің көкейінде жүрген сұрақтарды қойып қайтты.

Оның сөзінше, мәжіліс депутатары жұмысқа әртүрлі уақытта жиналады. Бірі таңғы тоғыздан кіріп жатса, енді бірі асықпай, онға таман келеді, дейді басылым тілшісі.

Мәжілістің жаңадан сайланған депутаты Дариға Назарбаева жұмысқа Mercedes маркалы қызметтік көлігімен келген. Қасында көмекшісі де бар.

Ғимарат есігінің алдында өзін күтіп тұрған журналистермен аз-кем тілдескен ол коронавирусқа қарсы вакцина салдыруға дайын екенін мәлімдеді. Дариға Назарбаеваның таңдауы ресейлік "Спутник V" вакцинасына түскен.

Мәжілістің су жаңа депутаты Айдос Сарымнан басылым тілшісі президенттің қызметтік автокөліктерді қысқартуға қатысты берген тапсырмасына қалай қарайтынын сұраған.

"Қазақстанда өз автопаркін сатып, такси компаниясын жалдаған мемлекеттік органдар мен әкімдіктер бар. Бұндай жақсы тәжірибелер жоқ емес. Менің ойымша, дәл осы модель тиімдірек. Әрине, бұған ұзақ жол жүруге мәжбүр болатын әкімдіктер мен арнайы қызметтерді қосуға болмайды", - дейді Айдос Сарым.

Ол депутаттарға арналған қызметтік пәтердің кілтін алғанын жеткізді. Алайда әзірге көшіп үлгермедім дейді.

Фото
Мәжіліс депутаты Айдос Сарым, фото: SPUTNIK / ВЛАДИСЛАВ ВОДНЕВ

Төменгі палата депутаты Жанат Омарбекова да жұмысқа қызметтік көлігімен келді.

Халық қалаулысының сөзінше, ол көлікті тек жұмыс үшін пайдаланады.

"Жұмысқа автокөлікпен барған өте ыңғайлы: шұғыл мәселе шығып қалса, қалай жетесің, мәселен. Бұндай тәжірбие бүкіл әлемде бар. Бірақ, әрине, кейбіреулері автокөлікті жеке мақсатта пайдаланады. Мен бұған қарсымын. Тек жұмыс үшін пайдалану керек", - деді Жанат Омарбекова.

Ол "Нұрсая" тұрғын үй кешенінен берілетін қызметтік пәтерде тұрмайтынын жасырмады.

Фото
Жанат Омарбекова, фото: SPUTNIK / ВЛАДИСЛАВ ВОДНЕВ

Қазақстан президенттігіне үміткер болған, депутат Дания Еспаева да қызметтік автокөлікпен жүреді. Депутаттар мен шенеуніктерге қызметтік авто қаншалықты қажет деген сұраққа, ол шешім қабылдамас бұрын бәрін есептеп алу керек екенін жеткізді.

"Ең бастысы, көліктерді жалға алу қазіргі бар автокөліктердің шығынынан асып кетпеуі тиіс. Кей кезде аренда деп шығынды көбейтіп аламыз. Сол себепті, ең алдымен, тиісті есептеулер жүргізген дұрыс. Ал жалпы мемлекет басшысының тапсырмасы дұрыс. Ал мұның одан әрі қалай жүзеге асатыны үлкен сұрақ тудырады", - деп санайды Дания Еспаева.  

Фото
Дания Еспаева, фото: SPUTNIK / ВЛАДИСЛАВ ВОДНЕВ

Мәжілістің тағы бір депутаты Ирина Смирнова да қызметтік көліктердің санын қысқартып, шығынды азайтуға қарсы емес.

"Қызметтік автокөліктерден бас тартуға болады, әрине. Такси, жалға алу қызметтері бар. Бүкіл әлемде солай", - деп жауап берді ол.

Фото
Ирина Смирнова, фото: SPUTNIK / ВЛАДИСЛАВ ВОДНЕВ

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1897343-qazaqstandyq-deputattar-tanerten-zumysqa-qalai-keledi-foto/