Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дина Елгезек: Бүгінгі "сұрапылдар" 21 ғасырдың "Қодары мен Қамқасын" жаһанға жария етті

Опубликовано:

Дина Елгезек
Фото: Facebook/Дина Елгезек

Танымал отандық журналист Дина Елгезек соңғы уақытта ел арасында қызу талқыланып жатқан қайын атасы мен келіннің оқиғасына қатысты пікір білдірді. Ақпарат өкілі бұл жайтты қалың көпшілікке жария еткені үшін отандық бағдарламаны да сынға алған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Дина Елгезек ел арасында шу тудырған оқиға жайлы жазбасын Facebook парақшасында жариялаған.

Белгілі журналист соңғы кезде отандық бағдарламалардың жұмысына көңілі толмайтынын айтып, олар ұсынатын контенттің деңгейі тым төмендеп бара жатқанына шүйлікті.

"Қодар мен Қамқа. Қазақтың сүйегіне сызат, жүрегіне қаяу түсірген оқиға. Оның қиялдан туған көркем дүние емес екені әмбеге аян. Бірақ кей қазақтың бұл тарихи деректі әлі күнге мойындағысы жоқ: “қазақ даласында мұндай сұмдық болмаған” деп баянсыз болжам жасайды. Мұхтар Әуезов те ұлы шығармасында Қодарды құр өсектің құрбаны етіп, “Қодардың бетінен бір сүйгіз” дегенді Қамқаға айтқызбай, қия басқан екеудің арына араша түседі...

Аяулы Мұхаң бұл шындықты білмеді дейсіз бе? Әлде Шәкәрімді оқымады дейсіз бе? Тарихи дәйекті тексермеді дейсіз бе? Білді. Оқыды. Тексерді. Алайда қос мұңлықты ақтауға өз тарапынан үкім шығарып, шырайсыз шындықты көпке жаюдан бас тартты. Атан түйенің өркешіне асып өлтіріліп, көмусіз қалған ата мен келін онсыз да ең қатал жазаға тартылды ғой. Бітпейтін жараның орнын тырнап қажеті не? Бәлкім кемеңгер осылайша ұлттың ұятын күзеткен болар... Сөйтіп өмірде болған хикаяны өзінше “түзеткен” шығар?

Иә, бүгінгі “сұрапылдар” 21-ші ғасырдың “Қодары мен Қамқасын” ойланбастан жаһанға жария ете салды. Кезінде ұлттың ардақтылары айтуға жүрексінген “арсыздық” синдромын қоғамға паш еткені қалай? Бұрынғы Қодардың ұлы қайтыс болған, ұлы тірі бүгінгі Қодарды қайтіп ақтаймыз? Бұл не өзі? Біртұтас рухани платформаның жоқтығынан туындаған жағдай ма? Шектен тыс либерализмнің “жемісі” ме? “Ар-ождан” кодексінің аяққа тапталуы ма? Әлде. Қазақ социумының бүгінгі боямасыз келбеті ме? Отандық ырду-дырду сайқымазақ контенттегі шектен тыс еркіндік саяси ток-шоуларға неғып берілмейді? Не ексең, соны орасың деген" , - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1897466-dina-elgezek-bugingi-surapyldar-21-gasyrdyn-qodary-men-qamqasyn-zahanga-zariya-etti/

pixel