Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде өткен тәулікте қанша адамнан коронавирус анықталды

Жарияланған күні:

Дәрігерлер
Көрнекі фото: Donato Fasano/Getty Images

Денсаулық сақтау министрлігі еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты соңғы деректерді жария етті. Мәліметке сәйкес, өткен тәулікте елімізде 1146 адам коронавирус жұқтырған деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 140,

Алматы қаласы - 113,

Шымкент қаласы - 7,

Ақмола облысы - 138,

Ақтөбе облысы - 12,

Алматы облысы - 64,

Атырау облысы - 44,

Шығыс Қазақстан облысы - 60,

Жамбыл облысы - 12,

Батыс Қазақстан облысы - 91,

Қарағанды облысы - 80,

Қостанай облысы - 83,

Қызылорда облысы - 8,

Маңғыстау облысы - 15,

Павлодар облысы - 223,

Солтүстік Қазақстан облысы - 65,

Түркістан облысы - 3.

Осылайша, жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 195 112-ге жетті.

Еске салсақ, эпидемиологиялық ахуалды бағалау бойынша соңғы мәліметтерге сәйкес, Қазақстан коронавирустың таралуы бойынша "сары" аймақтан шығып, "жасыл" аймаққа кіргені туралы жазған едік.

Оған қоса, Қарағанды облысының билігі 8 ақпаннан бастап карантин шараларын жеңілдету туралы шешім қабылдады.

Соңғы мәліметке сүйенсек, Қарағанды облысы "сары" аймақтан "жасылға" өткен. Осыдан кейін өңірдің бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды. Оған сәйкес, қоғамдық тамақтану  орындарының жұмыс, мереке және демалыс күндеріндегі жұмыс уақыты сағат 07.00-ден 24.00-ге дейін ұзартылды.

Айта кеткен жөн, Қостанай облысында шектеу шаралары жеңілдетілді. Тиісті қаулыға облыстың бас санитар дәрігері Ермұханбет Дәулетбаев қол қойды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1897690-elimizde-otken-taulikte-qansa-adamnan-koronavirus-anyqtaldy/