Қауіпті індет: Қазақстан коронавирус бойынша "жасыл" аймаққа кірді
Опубликовано:

Эпидемиологиялық ахуалды бағалау бойынша соңғы мәліметтерге сәйкес, Қазақстан коронавирустың таралуы бойынша "сары" аймақтан шығып, "жасыл" аймаққа кірді деп хабарлайды "COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК"-тың ресми Telegram арнасы.
Қазіргі уақытта біздің елде коронавирусқа қатысты жағдай келесідей:
- "қызыл" аймақта: Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары;
- "сары" аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстары;
- еліміздің басқа аймақтары "жасыл" аймақта.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы "жасыл" аймаққа кірді.
Еске салсақ, елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 1186 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 192 825-ке жетіп отыр.
Айта кеткен жөн, 1 ақпанда Қазақстанда коронавирусқа қарсы жаппай вакцинация басталды.
Екпені алғашқылардың бірі болып денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният пен еліміздің бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов салдырды.
Сонымен қатар, бас санитар дәрігер шенеуніктер коронавирусқа қарсы шынайы вакцинаны салдырмайды деген қауесетке де жауап берген болатын.
Сондай-ақ, Қиясов коронавирусқа қарсы вакцинаның жағымыз әсері болса, әрбір жағдай жеке дара тексерілетінін айтты. Оның айтуынша, вакцинацияның әрбір кезеңінде өндірушіден бастап емдеу мекемелеріне дейін жауапкершілік ортақ, барлығына бірдей болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1897486-qauipti-indet-qazaqstan-koronavirus-boiynsa-zasyl-aimaqqa-kirdi/