Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Миым шайқалды": Күйеуінен таяқ жеуден шаршаған әйел үш баласымен бірге қашып кетті

Опубликовано:

әйл өкінген
Көрнекі фото: www.msn.com

Алматыда тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған "Жан-Сая" дағдарыс орталығы түрлі тағдыр иелерінің басын қосып отыр. Жақында бұл үйдің есігін Әсел есімді (кейіпкердің өміріне қауіп төндірмеу мақсатында есімі өзгертілді – ред.) келіншек те ашты. Үш балалы келіншек құлақ жарғағы мен миы шайқалған соң, жиі қол көтеретін күйеуінен қашып кеткен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әселдің тұрмыс құрғанына алты жол болған. Осы уақыт аралығында үш баланы дүниеге әкелген ол күйеуінің көп қорлығына шыдап, жанұясын сақтау үшін бар амалын жасайды. Бірақ денсаулығына төнген үлкен қатерден соң ажырасу туралы шешім қабылдайды. Бұл Әсел үшін оңай болмаса да, бұдан басқа жол жоқ еді.

"Күйеуімді ішімдік құртты. Арақ ішсе, бірден жұдырық ала жүгіретін. Ұрған сайын түрлі дене жарақаттарын алдым. Ол кейін кешірім сұрап, қайтадан дұрысталатынын, балалар үшін бірге болуымыз керектігін айтатын. Осы сөзге сеніп,біраз жылымды құрбан еттім. Болмады. Күйеуімнің ауыр соққысынан құлағымның жарғары мен миым шайқалды. Бұл сырқаттардың салдары мені әлі күнге дейін мазалап келеді. Сондықтан, ажырасуға бел будым", – дейді Әсел.

Әсел ұзақ уақыт бойы тұратын баспанасы, пәтер жалдайтын ақшасы жоқ болғандықтан, зорлықшық күйеуінің айтқандарына көніп келген. Алайда, денсаулығы күн сайын сыр бере бастаған соң, бұл оқиғаға нүкте қойып, Алматыдағы дағдарыс орталығын паналады.

Бір қуантарлығы – Әселдің жоғары білімі бар. Ол қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

"Дағдарыс орталығына келгеннен кейін мамандар менің өзіме деген сенімімді арттырды. Жаңа өмірге қадам басқым келеді. Балаларымды асырау үшін аянып қалмаймын. Мені балағаттауға, маған оңды-солды қол көтеруге ешкімнің де құқығы жоқ. Енді мен балаларым үшін, өзім үшін жарқын өмір сүруге тырысамын", – дейді Әсел.

Бүгінде Әсел өзіне лайықты жұмыс тауып, жалға баспана алып, балаларымен бірге бақытты күн кешіп жатыр. Ол ұл-қыздарының айқай-шусыз, ұрыс-керіссіз үйде тұрып жатқанына қуанады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1897704-miym-saiqaldy-kuieuinen-tayaq-zeuden-sarsagan-aiel-us-balasymen-birge-qasyp-ketti/

pixel