Зейнетақы платформасы: тағы бір функция қосылды
Жарияланған күні:
Enpf-otbasy.kz платформасына тағы бір функция қосылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Отбасы банкінің желідегі парақшасына сілтеме жасап.
"Онлайн-платформада көптен күткен өзгерістер енгізілді. Енді, арнайы шотқа біржолғы зейнетақы төлемдері түскеннен кейін де, немесе өтініміңізді қайта өңдеуге қайтарған болса да қаражатты қолдану мақсатын өзгерте аласыз", – делінген ресми хабарламада.
Жеке кабинетте өтінімнің мақсаттын қалай өзгертуге болады?
- ️enpf-otbasy.kz платформасындағы жеке кабинетіңізге ЭЦҚ арқылы кіріңіз;
- Мақсаттын өзгерту қажет өтінімді таңдаңыз;
- ️ӨТІНІМНІҢ МАҚСАТЫН ӨЗГЕРТУ пернесін басыңыз;
- Ұсынылған тізімнен жаңа мақсатты таңдаңыз;
- ӨТІНІМНІҢ МАҚСАТЫН ӨЗГЕРТУ пернесін (қызыл батырма) басу арқылы әрекетті растаңыз;
- Өтінішке қол қою арқылы өтінім мақсаттын өзгертуді аяқтаңыз.
Яғни, енді жаңа өтініш жасау және мақсатты өзгерту үшін 45 күн күтудің қажеті жоқ.
Еске салсақ, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры арнайы портал арқылы түскен өтінімдерді талдап, қателік жасаудың негізгі бес себебін анықтаған еді. Соның салдарынан өтінімдер кері қайтарылып жатыр.
Сонымен қатар, Шымкент тұрғыны алғашқылардың бірі болып бір реттік зейнетақы төлемінің көмегімен баспаналы болды. "Отбасы Банкінде" айтылғандай, ол үлескерлік қатысу шарты бойынша тұрғын үй алуды ұйғарған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1897710-zeinetaqy-platformasy-tagy-bir-funkciya-qosyldy/