Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Зейнетақы жинағының көмегімен баспаналы болған алғашқы тұрғын белгілі болды

Опубликовано:

Баспана
Көрнекі сурет: pixabay.com

Шымкент тұрғыны алғашқылардың бірі болып бір реттік зейнетақы төлемінің көмегімен баспаналы болды деп хабарлайды zakon.kz.

"Зейнетақы жинағын пайдалануға болатындығын әлеуметтік желілерден білдім. Онлайн-платформа іске қосылғаннан кейін келесі күні мен қаражатты алуға өтініш бердім. Ал 1 ақпанда менің арнайы шотыма біржолғы зейнетақы төлемі түсті", - дейді Шымкент қаласының тұрғыны.

"Отбасы Банкінде" айтылғандай, ол үлескерлік қатысу шарты бойынша тұрғын үй алуды ұйғарған.

"Мен зейнетақы жинағымды алғашқы жарна ретінде пайдаландым. "Отбасы Банкінен" аралық заем бойынша ипотека рәсімдеуді ұйғардым", - дейді азамат.

Өтінімдер қабылдау басталғаннан бастап 30 қаңтарды қоса алғанда, барлығы 212,6 млрд теңге сомасына 38507 өтінім мақұлданып, қарауға жіберілген.

Банк өкілдері жылжымайтын мүлік сатып алуға асықпауға кеңес берді. Егер берілген 45 күн ішінде адамның үй сатып алуға уақыты болмаса, қаражат БЖЗҚ-дағы шотқа қайтарылады. Содан кейін сіз қайтадан өтініш бере аласыз.

"Отбасы Банкі" АҚ басшысы Ләззат Ибрагимованың болжамына сәйкес, қазір бағасы көтерілген үйді мамыр айында бастапқы бағасына алуға болады.

"Менің ойымша, нарықтың қалыпты жағдайға оралуын күту керек. Шамамен мамыр айының ортасында сатушылар сұрап отырған бағалардың бәрі өткен жылдың бағасымен сәйкес болады", - дейді Ләззат Ибрагимова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1897103-zejnetaky-zinagyndagy-aksany-kmegimen-baspana-satyp-algan-algasky-trgyn-belgili-boldy/

pixel