Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда 2 мың адамға ұтыс ойынын ұйымдастырғандар полицияға жеткізілді (видео)

Опубликовано:

Тұрғындар
Скриншот: instagram.com/romantic_kz

Нұр-Сұлтанда гүл сататын дүкеннің атынан ұтыс ойынын ұйымдастырушылар аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Қымбат сыйлықты уәде еткендерге айыппұл салынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Оқиға орнына келіп жеткен полиция қызметкерлерінің талабы бойынша іс-шара тоқтатылып, жағдай тұрақталды, жиналғандар тарап кетті. Іс-шараны ұйымдастырғандар мән-жайды анықтау үшін Есіл ауданының полиция басқармасына жеткізілді", - деп хабарлады полиция департаментінен.

Іс-шараны ұйымдастырушылар Қазақстан Республикасының Әкімшілік кодексінің 434-1 бабы 1 бөлігі (Жеке тұлғалардың спорттық және спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларда жүріс-тұрыс қағидаларын бұзуы дерегі) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Одан бөлек, ЖШС Әкімшілік кодекстің 505 бабы 1 бөлігі (абаттандыру ережелерін бұзу дерегі) бойынша жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар жиналған материалдар ЖШС-ні 425 баптың 1 бөлігі (адам денсаулығына зиян келтірмеген санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды бұзу дерегі) бойынша жауапкершілікке тарту мақсатында қалалық санитарлық-эпидемиологиялық басқармаға жіберілді.

Еске салсақ, 7 қаңтарда елорданың орталығына көптеген адам жиналған еді.

Белгілі болғандай, олардың барлығы қаладағы гүлдер дүкенінің ашылуына орай ұйымдастырылған ұтыс ойынына келген.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті заңбұзушылықты растап, кінәлілер Әкімшілік кодекстің бабы бойынша жауапқа тартылатынын мәлімдеген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1897742-nur-sultanda-2-myn-adamga-utys-oiynyn-uiymdastyrusylar-policiyaga-zetkizildi/

pixel