Елімізде өткен тәулікте тағы 1000-нан аса адамнан коронавирус анықталды
Жарияланған күні:
coronavirus2020.kz/kz еліміздегі эпидемиялогиялық жағдайға қатысты соңғы деректерді жариялады. Ресми дереккөздің мәліметінше, өткен тәулікте коронавирус жұқтырған 1003 адам анықталған.
COVID-19 инфекциясы анықталғандар аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы - 75
Алматы қаласы - 114
Шымкент қаласы - 5
Ақмола облысы - 118
Ақтөбе облысы - 5
Алматы облысы - 47
Атырау облысы - 43
Шығыс Қазақстан облысы - 63
Жамбыл облысы - 11
Батыс Қазақстан облысы - 83
Қарағанды облысы - 46
Қостанай облысы - 81
Қызылорда облысы - 7
Маңғыстау облысы - 7
Павлодар облысы - 222
Солтүстік Қазақстан облысы - 69
Түркістан облысы - 7
Жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 196 115.
Сонымен қатар өткен тәулікте 843 адам індеттен жазылған.
8 ақпандағы мәлімет бойынша, қазіргі таңда елімізде 27 028 адам короновирус инфекциясынан емделуде. Олардың ішінде 5 804 пациент стационарда, 21 224 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
Сондай-ақ 268 адамның жағдайы ауыр, 49 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағалануда. 42 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
Ал COVID-19 белгілері бар пневмониямен ауырғандарға келсек, 6 ақпандағы мәлімет бойынша аталмыш диагноз 18 адамға қойылып, 5 жағдай өліммен аяқталған. 246 адам жазылып шыққан.
Жалпы 2020 жылдың 1 тамызынан бастап бүгінге дейін 48 313 адам COVID-19 белгілері бар пневмониямен ауырып, 584 науқас қайтыс болған. 37 471 пациент жазылып шыққан.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1897749-elimizde-otken-taulikte-tagy-1000-nan-asa-adamnan-koronavirus-anyqtaldy/