Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақстанда зейнет жасы төмендетіледі": Желіде кезекті рет тараған сыбыс қаншалықты рас

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Қазнетте жақын арада елімізде зейнет жасы төмендейді деген қауесет тағы да тарады. Тиісті заң жобасын 5 ақпанда парламенттегілер екінші оқылымда мақұлдапты мыс. Stopfake.kz сайтының жазуынша, бұл желіде тараған кезекті жалған ақпарат.

Басылымның жазуынша, YouTube желісіндегі Политические будни арнасында жарияланған видеода Қазақстанда зейнет жасын төмендету туралы айтылады.

Автордың cөзінше, 2021 жылдың 1 наурызынан бастап ер адамдар 60 жастан, әйелдер 55 жастан, ал бес және одан көп баласы бар аналар 52 жастан зейнетке шықпақ.

Осы орайда басылым парламенттің ресми сайтында мұндай заң жобасын бекіту туралы ақпарат жоқ екенін атап өтті.

Сонымен қатар еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі елімізде зейнет жасының төмендетілуі туралы ақпаратты бірнеше рет теріске шығарған еді.

"Қазақстанда белгіленген зейнеткерлік жас халықаралық және отандық сарапшылар жүргізген зерттеулердің нәтижелері мен ұзақ мерзімді болжамдарға негізделген. Қазақстандағы зейнет жасы халықаралық тәжірибеге, әлемдегі экономикалық және демографиялық жағдайға сәйкес келеді. Сол себепті елімізде зейнет жасын өзгерту туралы мәселе қаралмайды", – деп хабарлады 27 қаңтарда министрліктің баспасөз хатшысы Александр Кононец Tengrinews.kz-ке.

Айта кетейік, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, ерлер 63 жаста, әйелдер 60 жаста зейнетке шығады.

Бұл ретте әйелдер үшін зейнеткерлік жас 2027 жылға дейін 10 жылдың ішінде жыл сайын 6 айға артып отырады.

Фото
Скриншот: Stopfake.kz

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1897772-qazaqstanda-zeinet-zasy-tomendetiledi-zelide-taragan-aqparat-qansalyqty-ras/

pixel