Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ені 2 шаршы метр": Лондонда ең тар үй сатылымға қойылды

Опубликовано:

Видеодағы кадр
Видеодағы кадр: EuroNews

Лондонда ені екі шаршы метр үй сатылымға қойылды. Бір кездері бұл пәтерде баскиім дүкені болған деп хабарлайды EuroNews.

Әлі күнге дейін сақталған сөрелер мұнда шынымен бір кездері баскиім дүкені болғанын еске түсіреді. Бірақ қазір ол толығымен тұрғын үйге айналған.

Бес қабатты өзіне тән ерекшелігі бар пәтер. Үй анау айтқандай кең болмаса да, толықтай жиһазбен жабдықталған, оның үстіне тұрмыста керек нәрсенің барлығы бар.

"Бұл үй өзінің ерекшелігімен тәнті етеді. Лондонда ені 5 фут 6 дюйм болатын басқа үйлер жоқ. Бес қабатты үйлер аз емес, алайда оларда бөлмелердің мұндай орналасуы, өзіне тән ерекшелігі және тарихы жоқ", – дейді жылжымайтын мүлік агенттігінің қызметкері Дэвид Майерс.

Шамамен он жыл бұрын бұл үй 595 мың фунт стерлингке сатып алынған, ендігі адамға үйді екі еселенген сомаға сатып алуға тура келеді.

Еске салсақ, бұған дейін Англияда ескі баспана небәрі 1 мың фунт стерлингке сатылымға қойылғаны туралы жазған едік.

Екі жатын бөлмесі, кішігірім терассасы бар үйдің арзан бағалануына оның өртке оранғаны себеп. Баспанаға қатты зақым келгендіктен, оған түбегейлі жөндеу жұмыстарын жүргізу керек.

Сонымен қатар Лондонның оңтүстік-батысындағы Баттерси аймағында ені 2 м 13 см болатын үй сатылымға қойылған еді.

Ерекше ғимараттың құны 1 миллион еуроға бағаланған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1897795-eni-2-sarsy-metr-londonda-en-tar-ui-satylymga-qoiyldy/