Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Айтарым көп": Дина Төлепберген қайын атасы мен келіні туралы оқиғаға пікір білдірді

Опубликовано:

Дина Төлепберген
Фото: Instagram/dina_tolepbergen

Отандық танымал тележүргізуші Дина Төлепберген қоғамда шу тудырған қайын атасымен сегіз жыл бойы төсектес болған келіннің оқиғасына қатысты өз ойын айтты. Ақпарат өкілі бұл даулы тақырып аясында эфирде көптеген мәліметтер көрсетілмегенін алға тартты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Дина Төлепберген Түркістан облысындағы отбасында орын алған сұмдық жағдай туралы пікірін Instagram парақшасында білдірді. Ол бұл шулы оқиғаға қатысты білетіні де, айтары да көп екенін жасырмады.

"Әсияның екі ұлы да Рүстемнен болып шықты. Құдайға шүкір! ДНК сараптасының дәл осындай болуын Сіз де тілеген шығарсыз. Мен де тіледім. Олардың ендігі тағдырының не болары белгісіз. Анығы сол - жергілікті биліктің бейжай қарап отыруына болмайды. "Рухани орда" деген аты бар Түркістанның бұл тұрғындарына рухани көмек керек.
Бұл тақырып жайлы менің білетінім де, айтарым да көп. Көрсетілген һәм көрсетілмеген деректер қаншама. Бірақ бұл бөлек әңгіме. Әзірге мынаны естен шығармайық: Қайын ата келініне қабақ шытпайтын. Келіні тіпті атасының көзіне тік қарамайтын. Енесі жаңа түскен келінге тәлім беріп, жолдасы жарына қолғабыс болатын. Туыстық қатынастың алды да арты да таза болсын, ағайын" , - деп жазды Дина Төлепберген.

Айта кетейік, "Астарлы ақиқат" бағдарламасында ойрандалған түркістандық отбасының оқиғасы көрсетіліп, барша қазақстандықтарды дүрсілкіндірген болатын. Қайын атасымен сегіз жыл бойы төсектес болған келін ақыры жолдасын тастап, оның әкесмен қосылған. Келіншек жолдасы мен енесінен қорлық көріп келгендіктен олардан кетіп қалғысы келгенін айтты.

Әсия Қошқарбаеваның күйеуі екі баласы да өзінен екеніне күмәнданғанымен, ДНҚ сараптамасы оның күдігін теріске шығарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1897809-aitarym-kop-dina-tolepbergen-qaiyn-atasy-men-kelini-turaly-oqigaga-pikir-bildirdi/

pixel