Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-да медқызметкерлер мінген Ан-2 ұшағы қайта қонуға мәжбүр болды

Опубликовано:

Ұшақ
Фото: t.me/miirkz/5931

Шығыс Қазақстан облысында көкке көтерілген Ан-2 ұшағы қайта қонуға мәжбүр болды деп хабарлайды Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Telegram арнасында.

Министрліктің хабарлауынша, 8 ақпанда Өскемен-Зайсан бағытында санитарлық рейсті орындаған Ан-2 ұшағын қайта қондыруға мәжбүр болған.

Ұшқыш әуе кемесінің қозғалтқышы істен шыққанын хабарлаған.

"Ұшақ Өскемен қаласынан оңтүстікке қарай 23 шақырым жердегі автомобиль жолына мәжбүрлі түрде қонды. Зардап шеккендер жоқ. Ұшақ та зақымданбаған", - дейді ведомствоның баспасөз қызметі.

Бортта экипаждың 3 адамы және 2 медицина қызметкері болған.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Әуедегі оқиғаларды тексеру басқармасының өкілдері оқиға орнына аттанған.

Еске сала кетсек, 3 ақпан күні сағат 19.25 шамасында Өскемен - Семей тас жолында жүк көлігі мен жедел жәрдем көлігі соқтығысып қалып, салдарынан арнайы көлікте отырған екі медицина қыметкері қаза болған еді.

Кейінірек, еліміздің денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қайтыс болған ақ халаттылардың отбасы мен жақындарына көңіл айтты.

"Қайғылы оқиға медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігі жайлы тағы бір ойлануға түрткі болып отыр. Қазір Семей қаласындағы ауруханада жансақтау бөлімінде жатқан жедел медициналық жәрдем көлігі жүргізушісінің тезірек сауығып кетуін тілейміз", - деген еді министр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1897824-sqo-da-medqyzmetkerler-mingen-an-2-usagy-kolik-zolyna-mazburli-turde-qondy/

pixel